Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет9/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

 
ұйымдастыру

МӘПП – бұл
 
дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі 
мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ 
мерзімде қолдануды қалайды. 
Патронаж
дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына 
ерекше көмек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, 
арнайы оқыту, тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу мәселелерін шешу 
бағытында арнайы көмектің түрі. 
Айтып өткен жетістіктермен қатар, арнаулы білім беру жүйесінің 
жағдайын мемлекеттік арнаулы білім беру жүйесіндегі жайсыздықтар мен 
арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуындағы кертартпалықтар 
байқалады. Мұндай жайсыздықтарды анықтаудың себептері мынадай 
құбылыстармен түсіндіріледі: 
1.
 
Ерекше көмекті қажетсінетін тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудегі 
қиындықтар. Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен жастарды 
әлеуметтік бейімдеу, оларға кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі күні өзекті 
мәселелердің бірі болып отыр. Арнаулы білім беру жүйесіндегі 
инновациялық үрдісі ауқымды түрдегі теориялық және қолданбалы 
міндеттері шешуді көздейді. 
2.
 
Арнайы білім беру жүйесінде күрделі кемшілігі бар тұлғаларды 
есепке толық алмау. 
3.
 
Коррекциялық қолдауды қажет ететін анықталған балаларға арнайы 
көмек көрсетудің жетілмеуі. 
4.
 
Білім беру формасының қатаңдығы мен вариативтіліктің болмауы. 
Соңғы онжылдық ішінде мемлекет тарапынан ұсынылған жаңа 
талаптар бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерге көз 
жүгіртсек, мүгедек тұлғаларға білім беру жүйесін жалпы білім беру 
жүйесінен бөлек қарастыру тарихы қысқа уақыттың ішінде қолға алынды, 
әлеуметтік-саяси, идеологиялық кедергілер қалыпқа келтірілді, дамыта 
оқыту жүйесі дами бастады. Жеке қайырымдылық инициативалық көмек 
түрлеріне рұқсат етілді, дамуында ақауы бар тұлғаларға патронаж арқылы 
көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет