өмір
сүрудегі
тәуелсіздік
тұжырымдамасы
құрылды. Өмір сүрудегі тәуелсіздік түсінігінде
материалдық тәуелсіздік емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
күнделікті өмірдегі, қоғамға бейімделуіндегі тәуелсіздігі қарастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың материалдық жағынан қамтамасыз
етілуі, білім алуы туралы ерекше қажеттіліктерді жүзеге асыру
жұмыстары экономикалық және әлеуметтік шаралардың орындалуын
назарға алды. Сонымен, қоғамдық пайдалы еңбек пен адамның әлеуметке
пайдасы
әлеуметтік
реабилитацияның
жеке
және
жетекші
тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық, қоғам тарапынан көрсетілетін
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдау, қоғамдық санада қабылдаумен
түсіндіріліп,
адамды
әлеуметтік
реабилитациялаудағы
қазіргі
тұжырымдама мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өзгеруін ғана емес,
қоғамның өзгеруін әділетті түрде қарастырылу керектігін ұсынды. Бұл
турасында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дені сау адамдардың өмір сүру
ережелеріне сәйкес, қоғамға интеграциялануы тиіс. Осыдан келіп
қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтенуіне ресурстардың
көп жұмсалатындығы айқындалуынан, 1993 жылы қабылданған БҰҰ
Мемлекеттік Ассамблеядағы көрсетілген Мүгедектердің тең құқығын
сақтаудағы стандартты ережеде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
әлеуметтік-мәдени жағынан қалыптасуын шешудегі интеграция жүйесі
көрсетілген.
35
Арнайы педагог баламен жұмыс жасауда бірінші күннен бастап-ақ ол
баланың әлеуметтік-мәдени фундаментін құруы керек. Педагог баланың
спецификалық (жынысы, жасы, әлеуметтік шығу тегі) және типологиялық
(мүмкіндіктің шектелу типі) ерекшеліктерін есепке алып, интеграциялау,
баланың әлеуметтік-мәдени дамуын психологиялық-педагогикалық
тәсілдермен қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастыра білуі керек.
Арнайы педагогика арнаулы білім берудің бастапқы және соңғы мақсаты
мен міндеттерін, мазмұнын, коррекциялық-педагогикалық процесті
ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар тәуелсіз өмір
сүрудегі әлеуметтік-мәдени қалыптасу үлгілерін анықтайды. Әрбір
категория бойынша білім алушының ерекше білімді игерудегі
қажеттіліктерін, өзіне қызмет ету дағдысын, әлеуметтенуін, қарым-
қатынасқа түсу мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Өмір сүруді қамтамасыз етуде
мүмкіндігі шектеулі тұлғаның еңбек
етудегі (интеллектуалдық еңбектегі, үй шаруасындағы, нарықтағы қаржы
мәселесіне байланысты кәсіби біліктілікті, икемділікті, белсенділікті
көрсету) қабілеттері қалыптасады. Аталған параметрлерге сәйкес
мүмкіндігі шектеулі тұлғаның еңбекке араласудағы материалдық
қажеттіліктерін орындау үшін белгілі бір деңгейдегі арнайы білімі қажет.
Әлеуметтену -
адамның қоғамдық өмір турасындағы игерген білім,
іскерлік, дағдысы арқылы түрлі қоғамдық қатынастарға түсуі. Толықтай
әлеуметтенуді игерудің қажетті жағдайы қарым-қатынас (коммуникация)
болып табылады.
Әлеуметтанушылар мен психологтардың пікірінше, дамудағы дене
немесе психикалық кемшіліктер тұлғаның қалыптасуындағы негізі бола
отырып, әлеуметтену мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларының
дамуына кері әсер етеді. Арнайы психология мен арнайы педагогика
арнайы білім беру процесін ұйымдастыруда, оқу пәндерінің құрылуы,
тәрбие
жұмыстарының
ұйымдастырылуы,
мүмкіндігі
шектеулі
тұлғалардың қоғамға бейімделуіне байланысты әлеуметтік-мәдени
ситуацияларды шеше білудегі мүмкіндіктерге баулуды басты мақсат етіп
алады.
Рекреация –
мүмкіндігі шектеулі тұлға басқалар сияқты өзінің өмір
сүруі мен денсаулығын сақтауға, оны тиімді түрде дұрыс жолға салуға
дайын болуы.
Субмәдениет
– мүмкіндігі шектеулі тұлға өзінің бос уақытын спорт,
би, экскурссия, қолданбалы өнер, қызығушылық арқылы тиімді
пайдаланып, аталған істермен шұғылдану.
Әлеуметтендіру мәселесі бойынша көрсетілген негізгі ұғымдардың
мағынасы мен мәнін анықтауда оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтарды
жоюдың көздерін іздестіреміз. Тұлға тәрбиесіндегі жетістіктердің
қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік бейімдеу
36
жұмыстарында қиындықтар болып тұрады. Әсіресе, біздің еліміз секілді
даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне
ауысқан өтпелі кезеңде мұндай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ.
Осындай себептің салдарынан қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж
болып отырған мүгедек және созылмалы ауруларға шалдыққан, күйзеліске
душар болған балалар күннен-күнге көбейіп барады. Мемлекет тарапынан
оларға көмек беру мақсатында Қазақстан Республикасында 2002 жылы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заң, «Көп балалы отбасы
және ана мен балаға көмек» (1997 ж) бағдарламасы, «Неке және отбасы
туралы» Қазақстан Республикасының заңы және басқа да Заңдар мен
қаулылар қабылданды. Одан басқа түрлі қорлар, орталықтар, институттар
мен мекемелерде әлеуметтік мәселелерді шешу ісімен айналысуда.
Мұндай кезде көмек беру мен «қатарға қосу» шаралары жеткіліксіз, тосын
жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында жүргізілген әлеуметтік
қолдау мен бейімдеудегі арнаулы іс-шаралардың өзіндік маңызы мен
орны бөлек.
Қазіргі қоғамда демократизация мен жаһандану үрдістері әрбір адам
үшін білім алу, олардың жеке қабілеттерін дамыту, мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды әлеуметтік интеграциялау, олардың мүмкіндігі мен тең
құқығын құрудың қажет екендігін қарастыруда.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи
мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы
жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік педагогикалық түзету,
қолдау, олардың басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу
мүмкіндіктерін арттыру балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстан
Республикасының 2002 жылы қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық қолдау туралы» Заңы арнаулы білім
беру жүйесін жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы заң
мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық
түзету арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, оларға
көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және
кәсіби еңбекке даярлау ісімен байланысты мәселелерді шешуге
бағытталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде осы аталған заңның бірінші
тарауының сегізінші бабында көрсетілген ерте көмек көрсету,
медициналық, психологиялық-педагогикалық диагностикалау, емдеу,
түзете-дамыта оқытуды қамту, ерте балалық жастағы (үш жасқа дейінгі)
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы
қолдаудың
маңызы
зор.
Қазақстан
Республикасының
барлық
айматарында, яғни аудандарында, қалаларында сауықтыру орталықтары,
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері түріндегі түзету
37
ұйымдарының жаңа түрлері пайда болуда. Осы мақсатта облыстық,
аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мүмкіндігі
шектеулі балалардың дамып-жетілуін жан-жақты зерттеуде.
Көрсетілген
әлеуметтік
бағыттағы
мәселелерді
шешуде
Республикалық арнаулы (түзету) мекемелерді, мектепке дейінгі
ұйымдарды, мектептерді арнаулы мамандармен қамтамасыз етілу
жұмыстары бүгінгі күннің міндеті болып отыр. Осы себептерге
байланысты әлеуметтік-педагогикалық процестің теориялық негіздерін
қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендіруге қолайлы
шарт жасау және кедергілерді жоя білуге бағытталған жұмыстар
орындалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |