Арнайы педагогика


Жалпы және қалыптан тыс психикалық дамуына тән



Pdf көрінісі
бет26/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Жалпы және қалыптан тыс психикалық дамуына тән 
заңдылықтарды
 
Л.С. Выготский былайша ұсынады: 
1.
 
Бірігу 
(дивергенция) – психиканың дамуындағы екі жақтылық: 
биологиялық және әлеуметтік. Дамуы қалыпты бала жас ерекшелік 
кезеңінің әрбіреуінде биологиялық және әлеуметтік жағынан жаңа 
психикалық функциялардың деңгейін игеріп отырады. Мүмкіндігі 
шектеулі бала, биологиялық жағынан дамығанымен, психикалық 
функциялардың даму кезеңдерінде айтарлықтай артта қалып отырады. 
Егер балаға уақытында арнайы педагогикалық көмек көрсетілмесе, артта 
қалушылық максималды деңгейге дейін дамиды. Арнаулы оқытумен 
тәрбиенің ықпалынан биологиялық және психикалық тізбектегі даму бір-
біріне жақындап, біріге бастайды. 
Л.С Выготскийдің оқулары жүйелі құрылымы жағынан кез-келген 
кемшілік кезінде есепке алынатын,арнайы педагогика ғылымы үшін 
маңызды болып табылады. 
2. Кез-келген кемшіліктің құрылымында бірінші және екінші 
кемшіліктерді айқындауға болады. 
Бірінші кемшіліктер бас миының 
немесе 
ағзасының 
органикалық 
бұзылуынан 
немесе 
олардың 
функцияналдық жетіспеушілігінен болса, екінші кемшіліктер бірінші 
кемшіліктердің әсерінен пайда болады. Одан басқа тұлға дамуына 
айтарлықтай кері әсер етуші үшінші, төртінші кемшіліктер пайда болуы 
мүмкін. Баланың жасы кіші болған сайын бірінші кемшілік анық 
байқалады, ал екінші кемшілік бірінші кемшіліктің негізінде дамиды. 


67 
Сонымен, коррекциялық жұмыстардың барысында алғашқы кемшіліктерді 
анықтау арқылы екінші кемшіліктің алдын алуға болады. 
3. 
Компенсацияның 
мүмкіндігі. 
Компенсация 
с
ақталған 
функциялардың 
негізінде 
ұйымдастырылады. 
Бұл 
заңдылық 
Л.С.Выготскийдің кемшіліктің күрделі де жүйелі құрылымын анықтау 
туралы оқуларынан келіп шығады. Мысалы, есту анализаторының 
кемшілігінен бірінші кемшілік естудің нашарлауы, саңыраулық пайда 
болса, екінші кемшілік – сөйлеудің кемшілігі анықталады. Дегенмен, бұл 
кемшіліктерді сақталған көру анализаторларының жұмысы арқылы 
компенсациялауға болады. Дамуында кемшілігі бар балалармен 
жүргізілетін барлық коррекциялық жұмыстар компенсациялану негізінде 
сақталған фунцкиялардың көмегімен жүргізіледі. 
Л.С. Выготскийдің аномальды балалардың даму заңдылықтары 
туралы оқулары өзінің шәкірттерінің де еңбектерінен көрініс тауып отыр. 
Л.С. Выготский 
оқудың бала дамуындағы алатын ролі тұжырымдамасы
негізінде дамыта оқыту идеясын ұсынып, бала мүмкіндігінің өз бетінше 
әрекетке түсуі потенциалдық мүмкіндіктері арқылы айқындалатын «даму 
аймағының өзектілігін» және «жақын даму аймағы» анықтады. 
Потенциалдық мүмкіндіктердің айқындалуына ересектердің ықпалы 
қажет екендігін ескеру негізінде «Жақын даму аймағы» бала мүмкіндігі 
мен қабілетін айқындауға, соған байланысты оқу жоспарларын, оқу 
бағдарламаларын құрастыруда мұғалімге үлкен көмек болады. 
Жүргізілетін барлық коррекциялық жұмыстар «жақын даму аймағы» 
негізінде 
ұйымдастырылатындықтан, 
бұл 
принцип 
дамудағы 
кемшіліктерді диагностикалау мен түзетуде де маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет