Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет27/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Арнайы педагогиканың әдіснамалық негіздерін анықтаңыз. 
2. Арнайы педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасуындағы 
маңызды орын алатын Л.С.Выготскийдің ғылыми тұжырымдамалары. 
3. Мәдени-тарихи теориясы арнайы педагогиканың әдіснамалық 
негізі ретінде 
4. Кемшіліктің жүйелі түрдегі құрылуындағы ғылыми жағдайларды 
қалай түсінесіз? 
5. Психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарын сипаттаңыз. 
Жалпы және қалыптан тыс психикалық дамуына тән заңдылықтарына 
талдау жасаңыз. 


68 
БӨЛІМ II 
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
§ 11. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ
1. Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби 
әрекеті мен тұлғасы 
2. Арнаулы білім берудегі педагог әрекетінің 
адамгершілік бағыты 
Бала дамуының жалпы ерекшеліктеріне және дамыту мен 
қалыптастыру жұмысының нәтижесіне қарай ХХ ғасырдың басындағы 
белгілі неміс педагогы-дефектолог П.Шуман былай дейді: «Бала 
психикасының дамуы неғұрлым төмен болса, мұғалімнің білім деңгейі 
соғұрлым жоғары болу тиіс». Осы айтылған сөзге назар аударсақ, 
Германияда жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін кәсіби тұрғыда 
дайындау ісі Еуропадағы мұғалімдерге арналған алғашқы семинария 
ашылған кезде және Берлин патшалығындағы саңырауларға арналған 
арнаулы мектептер (1812) ашылған кезден бастап қалыптасқанын білеміз. 
Практикалық педагогикада екі жүз жыл уақыт бойы педагогикалық 
әрекетті құрамында мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, лингвистер, 
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту курсы бойынша арнаулы кәсіби 
дайындықтан 
өткен 
мұғалімдерден 
құралған 
энтузиастардың 
ұйымдастырып келгендігі белгілі. 
Қазіргі күні жоғары білім беру мекемелерінің көпшілігі арнайы 
педагогтар мен арнаулы психологтар даярлайтын бағдарламаларын 
ұсынуда. Оның дәлелі ретінде мына фактілерге сүйенеміз. АҚШ-та 230-
дан астам бағдарламаны ұсына алатын арнаулы білім беретін мұғалімдер 
даярлайтын, қайта даярлықтан өткізетін ұлттық жүйе құрылған. Батыс 
Еуропалық педагогикалық білім беру жүйесінде арнаулы психологтар мен 
педагогтар даярлау бағдарламасынан басқа университеттерде жалпы білім 
беретін мектеп мұғалімдерін міндетті түрде арнаулы курстан (100-120 
сағаттық) өткізу керектігі белгіленген. 
Совет одағында ХХ ғасырдың аяғына қарай негізгі екі мамандық 
«Логопедия» және «Олигофренопедагогика» мамандығы бойынша оқыту 
бағдарламасын ұсынушы 30-ға жуық (факультет, кафедра) педагогикалық 
университеттер қызмет атқарды. Бірақ «Тифлопедагогика» және 


69 
«Сурдопедагогика» мамандары сирек даярланып, саны жеткіліксіз 
болатын. 
Сол кездегі арнаулы білім беру жүйесінде мамандардың саны артып, 
олардың 200 мыңға жуығы мұғалім-дефектолог мамандығын игеріп, 
арнаулы маман қызметін атқарады. 
Жалпы ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқытуда білікті 
кәсіби мұғалім-дефектолог жүзеге асыра алатын педагогикалық көмек 
түрлері қажет. Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық әрекетті 
жүзеге асыру үшін қарапайым педагогикалық дайындықтан өту 
жеткіліксіз. 
Арнайы педагогтың кәсіби әрекеті дәстүрлі түрдегі жүзеге асатын 
мұғалім әрекетінің негізінде құрылып, әлеуметтік-педагогикалық, 
реабилитациялық, 
кеңес 
беру-диагностикалық, 
психотерапиялық 
қызметтің түрлерімен ұштасып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру 
мүмкіндігі мен әлеуметтік бейімделуін, арнаулы білім берудегі 
интеграциямен байланысты құрылады. 
Қазіргі заманғы арнайы білім беру жүйесі педагогикалық 
мамандықтардың кең таңдауынан тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет