71
әріптестерімен, ата-аналармен, ұжым мүшелерімен өзінің жеке кәсіптік
тәжірибесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қабілеті мен кәсіби
мүмкіндіктерін арттырып отырады.
Арнайы педагогтың кәсіби әрекеті адамның денсаулығы мен жалпы
жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын да анықтайды. Соған
байланысты мамандық таңдауда денсаулығында қандай да бір жағымсыз
жағдайлар болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі түрлі аурулар,
есту, көру, сөйлеу органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі
аурулар адамның кәсіби әрекетін шыңдауға кедергі болатыны анықталған.
Арнаулы мамандар, соның ішінде логопедтер анық, таза, мәнерлі
сөйлеулері тиіс.
Арнайы педагог үшін ең қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік,
жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің
жұмысына деген қызығушылықтың жоғарылығы, мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың өмір сүреуге деген қызығушылықтарын арттыра білу,
оқушылар мен тәрбиеленушілерге жылы жүрегін ұсына білу, кәсіби
шындықты қалайтын сыйластық қажет.
Білім беру ісімен айналысуда жалпы педагог мамандарға тән сапалық
қасиеттердің құрамы міндетті түрде коммуникативтік құзіреттілік, қарым-
қатынасқа түсудегі тиімділікті сезіну қабілеті екендігін ескерсек, Арнайы
педагогқа қажетті сапалық қасиеттердің тізбегін былайша сипаттауымызға
болады:
Достарыңызбен бөлісу: