Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет35/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Оқытудың функциялары
– 
кез-келген объектінің ішкі қасиеттеріне 
қарай анықталатын жүйе. Коррекциялық оқыту процесінің функциялары 
төртке бөлінді: дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік және 
түзетушілік. 
Дамытушылық функция
оқыту процесіндегі тұлғаның дамуына 
болжам жасайды. Оқыту мен дамытудың арасындағы өзара қарым-
қатынастарды анықтау мәселесі бойынша педагогтар мен психологтардың 
кейбіреулері (Ж. Пиаже) дамыту оқытуды жетелейді десе, ал Л.С. 
Выготский оқыту дамытуды жетелейді деген түрлі көзқарас білдіреді. 
Л.С.Выготский оқытуда даму деңгейінің екі аймағын ұсынады. Оның 
бірі – ойлау, есте сақтау, елестету негізіндегі «актуальды даму аймағы» 
болса, екіншісі – әр оқушыда қалыптасқан потенциалды даму деңгейін 
анықтаушы белгілер. Зерттеушінің пікірінше, «жақын даму аймағы» 
«актуальды даму аймағына» айналады да, мұғалімге оқушының 
потенциалдық мүмкіндігін есепке алып, «жақын даму аймағын» анықтау 
міндеті жүктеледі. 
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов дамыта оқыту тұжырымдамасы 
негізінде дамыта оқыту тұжырымдамасын ұсынады. 
Оқытудың білімдік функциясы
практикалық іскерлік пен дағдыны, 
ақпараттық қорды қалыптастырудағы ғылыми білім. 
Білім - 
ғылыми түсініктермен, теориялармен, заңдылықтармен 
қоршаған дүниені танудың қорытындысы. 
Іскерлік 
– игерілген білім негізіндегі әрекет. Іскерліктің жалпы 
түрдегі қабылданған түрлері: ауызша және жазбаша сөйлеуді игеру
оқулықпен жұмыс, конспект құру, мәнжазба құру болса, арнайы 
іскерліктердің түрлері: нақты пән бойынша компьютермен жұмыс жасау. 
Дағды 
– жеке автоматты түрге айналған әрекет. 
Білім, іскерлік және дағды бір-бірімен диалектикалық тәуелділік 
жағдайында бола отырып, тығыз байланысады. Мысалы, кітаппен жұмыс 
жасау іскерлігі барысында жаңа білім қалыптасады. 
Оқытудың тәрбиелік функциясы 
оқушылардың жан-жақты үйлесімді 
дамуына бағытталған. Оларды адамгершілік, эстетикалық, мәдени, ақыл-
ой, отбасылық қатынастарға байланысты анықтаймыз. Оқытудың 
тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың факторлары: 
- білім берудің мазмұны гуманитарлық циклдегі пәндер: әдебиет, 
музыка, тарих бойынша пәндердің мазмұнына қарай тәрбиелілік 
міндеттерді орындайды; 


83 

қосымша 
дидактикалық 
материалдар 
жаратылыстану-
математикалық циклдегі пәндер: физика, математика, химия тәрбиелеуді 
компенсациялауға жағдай жасайды; 
- оқыту процесін ұйымдастыру сабақтың құрылысын, мұғалім мен 
оқушының әрекетін құрудағы реттіліктің сақталуын қадағалайды; 
- оқытудың әдістерін, тәсілдерін, құралдарын рационалды түрде 
қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, өз бетінше жұмыс жасау 
қабілетін, инициативасын, жеке көзқарасын білдіру қабілетін арттыруға 
бағыттайды; 

ұжымдағы психологиялық ахуал қарым-қатынас стилінің 
демократиялы түрдегі құрылуына негізделеді; 
- оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек 
көрсету және қолдау; 
- педагог тұлғасының тұлғалық және кәсіби-сапалық қасиеттерге 
байланысты айқындалуы. 
Оқыту ерекшеліктерін анықтауда мұғалім-дефектолог, логопед, 
арнайы психолог кәсіби құзыіреттілікті, жеке тұлғалық қасиеттерді 
игерген, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудағы қарым-қатынас 
формаларын сақтайтын маман болуы тиіс.
 
Оқыту процесінің коррекциялық бағыты 
арнайы әдіс-тәсілдердің 
көмегімен оқушылардың танымдық қабілеттерін компенсациялау 
барысында арттырудың мүмкіндіктерін қарастырады. Осы бағытта 
мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу әрекетін игерудегі қиындықтар мына 
себептермен түсіндіріледі: 
- кемшіліктің сандық құрылымы кемшіліктің сапалық жағын 
бейнелейді; 
- танымдық әрекеттің әлсіздігі игерген білімді қабылдау, оны қайта 
өңдеу, есте сақтауға кедергі келтіреді; 
- сөйлеу тіліндегі кемшіліктер; 
- әлеуметтік бейімделудің қиындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет