Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет75/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. К.В. Лебединскаяның ұсынған классификациясының мәнін 
түсіндіріңіз. 
2. Коррекциялық-дамыту бағдарламаларының құрылу логикасы мен 
жүзеге асыруын баяндаңыз. 
3. Коррекциялық-дамыту бағдарламалары бойынша арнайы топтарға 
қабылдаудағы қарама қайшылықтарды атаңыз. 
4. Коррекциялық-білім беру жұмыстарының мндеттерін атаңыз. 
§ 24. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ 
ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуына жалпы сипаттама. 
Балалар церебральды салы
 
2. Балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы 
ерекшеліктер 
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалаға арналған 
мектептердегі оқыту жүйесі 
4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жалпы білім беретін 
мектептерде оқыту мен тәрбиелеу 
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре 
пайда болуымен де түсіндіріледі. Балалар арасындағы туа пайда болған, 
жүре пайда болған бұзылулар 5-7 %-ды құрайды. Тірек-қимыл аппараты 
бұзылған балалар дамуындағы артта қалушылықтар түрлі себептермен 
түсіндіріледі: 
Жүйке жүйесінің аурулары:
балалар церебральды салы, полиомиелит 
(жұлын миының алдыңғы мүйізшелерінің инфекциялық ауруларғ 
шалдығуы). 


186 
Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиялық 
жағдайлары: 
жамбас сүйектерінің (туа пайда болған) шығып кетуі, 
мойынның қисаюы, майтабандық, табан деформациясы, (омыртқалардың 
қисаюы) сколиоз, аяқ-қолдардың дамуындағы жетіспеушіліктер, 
саусақтардың аномальды дамуы, артрогрипоз(туа пайда болған 
ұсқынсыздық). 
Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары және 
зақымдануы: 
жұлын миының, бас миының, аяқ-қолдардың соққы алуы, 
полиартрит (буындардың ауруы), сүйек аурулары (туберкулез, 
сүйектердің ісінуі, остеомиелит), рахит (сәбилік шақта дәрумендердің 
жетіспеушігінен зат алмасудың бұзылуы). 
Аталған аурулардың клиникасы жетекші кемшіліктердің түрлерін 
қимылдың бұзылуы, қимылдың жетіспеушілігімен түсіндіріледі. 
Балалар церебральды салы – 
ұрықтық (перинатальдық) кезеңдегі 
эндогендік 
және 
экзогендік 
факторлардың 
әсерінен 
мидың 
полиэтиологиялық ауруларға шалдығуы. Мұндай жағдайлардың көпшілігі 
туылу кезіндегі бас миының соққы алуымен де түсіндіріледі. Онтогенез 
дамуының ерте кезеңінде бас миының үлкен жарты шарларындағы 
қимылдық қозғалыс, сөйлеу кезіндегі ерікті қозғалыстарды реттеуші 
мидың «өте жас» бөлімдерінің зақымдануы да әсер етеді. Балалар 
церебральды 
салы 
кезіндегі 
қимылдық, 
танымдық, 
сөйлеу 
функцияларындағы кемшіліктер: 
Буындық тонустың бұзылуы.
Гипотония – 
аяқ-қол мен дене бұлшық еттеріндегі қозғалыстың 
әлсіреуі. Мұндай белгілер мишық пен вестибулярлық аппарат 
жұмысының жетіспеушілігі. 
дистония - 
буындық тонустың өзгермелілігі. Буындар тыныштық 
жағдайында болса, қимылдау кезінде тонус күшейеді де қозғалыс 
әлсірейді. 
Ерікті түрдегі қозғалыстардың шектелуі мен жойылуы (парез және 
паралич) ортақ түрдегі паралич кезінде бас миының қабықтық зоналары 
мен пирамидалы жолдардың бұзылуынан ерікті түрдегі қимыл-қозғалыс 
жоғалады.Бұл кезде бала қолдарын жоғары көтере алмай, қолдарын 
сермей алмай қиналады. 
Гиперкинез 
– еріксіз, зорлау қимылдарының бұлшық ет тонустарының 
ауысуымен байқалады. Мұндай еріксіз қимылдар артикуляциялық 
аппарат, мойын, бас, аяқ-қолдардың бұлшық еттерінде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет