Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет28/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—16 в 15.19.59

Жылу машиналары
 
«Жылу двигательдері» атты тақырыптың айқын көрінетін политехникалық 
бағыттталғандығы бар, бұл –
мұғалімнің көптеген теориялық мәселелерді олардың 
өмірде практикалық қолданылуымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен 
бірге, тәжірибе көрсеткендей, жылу двигательдерінде өтетін процестердің 
физикалық мазмұны екінші кезекке жылдытылып, техникалық бөлшектерді 
сипаттаумен алмастырылатын әдіс те бар. Бұл тақырыпты оқып үйренудегі негізгі 
міндет –
молекулалардың энергиясының (кинетикалық және потенциалық) дененің 
механикалық энергиясына айналуы жөніндегі және энергияның сақталу және айналу 
заңына сәйкес механикалық энгергияның ішкі энергияға айналуы жөніндегі 
оқушылардың түсінігін кеңейту болып табылады.
Сонымен, есептің бірінші бөлігі жылу двигательдері жұмысының физикалық 
негіздерін оқып үйрену болады. Есептің екінші бөлігі жылу двигательдерінің 
конструктивтік еркешеліктерін оқып үйренуді қамтиды.
8-
класта бағдарлама бойынша іштен жану двигательдері мен бу 
турбиналарының поршеньді двигательдерінің құрысы мен жұмыс істеуін оқып 
үйрену қарастырылған.
Тақырыпты оқып үйрену бу немесе газ қоршаған ортамен жылулық немесе 
механикалық тепе
-
теңдікте болмағанда ғана жұмыс ақара алатындығын оқушыларға 
көрсетуі тиіс. Газдың, будың ішкі энергиясын механикалық энергияға
айналдыру 
процесі әртүрлі двигательдердің: поршеньді және роторлы двигательдердің 
көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін болады; бу двигательінде жанған отынның ішкі 
энергиясы механикалық энергияға будың ұлғаюы салдарынан түрленеді; іштен жану 
двигательдерінде бұл түрлену қызған газдың ұлғаюы салдарынан болады; кез келген 
жылу двигательдері жұмысының бұлжымас шарты қыздырғыштың, жұмыстық 
дененің, тоңазытқыштың және механикалық энергиясы арта беретін дененің бар 
болуы болып табылады; жылу двигательдерінің үнемділігін бақылаудағы маңызды 
сипаттамасы болып есептелетіні –
оның пайдалы әсер коэффициенті.


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1.
Физиканы бірінші басқышта оқыту әдістемесі. 
2.
Заттың құрылысы туралы мағұлыматтарды қалыптастыру әдістемесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет