Меншікті жылу сыйымдылығы Жылу берілу нәтижесінде дененің ішкі энергиясының өзгеруінің дене
затының тегіне байланыстылығы меншікті жылу сыйымдылық деп аталатын
шамамен сипатталатындығы айтылады. Мысалдар келтіру арқылы меншікті жылу
сыйымдылық ұғымының анықтамасы беріледі, заттардың меншікті жылу
сыйымдылығының кестесі талқыланады. Сонан соң Тиндаль приборының
көмегімен, денелер қыздырғанда қанша жылу мөлшерін алса, суығанда сонша жылу
мөлшерін қайтадан бөліп шығаратындығын, тәжірибе жасап көрсету керек.
Заттардың агрегаттық күйлері Бұл тақырып бойынша көптеген тәжірибелер арнайы қондырғыны қажет
етпейді және бұрын қолданып жүрген құралдармен жүзеге асырылады. Бұл
тәжірибелерде оқушыларға меңгерілетін құбылысты олардың бір емес бірнеше рет
бақылағандарын, бірақ көптеген нәрсені көре алмағандарын ескерту керек. Мысалы
олар қайнау кезінде ауамен және бумен тлтырылған түйіршіктердің пайда
болатынына көңіл аудармаған, қайнау басталғаннан кейін беті ашық ыдыста сұйық
температурасының көтерілмейтінін, булану кезінде сұйық температурасының
төмендейтінін білмеді.
Балқу Оқушылардың заттардың кристаллдық құрылымы жайында бұрын алған
мәліметтеріне сүйеніп, оларға «Балқу» тақырыбын меңгерту жеңіл. Күнделікті өмір
тәжірибесінен оқушылар денелер қызған кезде балқитынын, ал салқындағанда
қататынын біледі. Бірақ, олардың көбі судың агрегаттық күйінің өзгеруін ғана
бақылаған, сондықтан сыныпта мысалы нафталиннің балқуы мен қатаюын бақылау
оқушыларға артық болмайды. Оқушылар пробиркадағы нафталинді спиртовка
жалынында қыздырғанда нафталлиннің су сияқты сұйық әрі мөлдір күйге түсетінін
үлкен қызығушылықпен бақылайды. Тағы да суық суға нафталинді құйып, оның
қатаюын бақылау оқушылардың одан да ары қызығушылықтарын арттырады. Бұл
тәжірибеден кейін балқу және қатаю тақырыбын меңгертуге көшуге болады.
Кристалл заттар әрбіреуі үшін белгілі бір температурада балқитынын айтып,
физикалық тұрақтылар кестесінде келтірілген балқу температураларына тоқталуға
болады.
Тақырыпты меңгертудегі міндетті міндеттер дененің берілген массасы үшін
жылу мөлшерін табуға арналған есептерді шығару болып табылады. Оларды балқу
процесі жайындағы түсініктерді нақтылау әрі бекіту мақсатында шығарады.