Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет30/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—16 в 15.19.59

Ток көздері 
 
Ток көздерінде энергияның қандай да болмасын бір түрі (механикалық, ішкі) 
электр энергиясына айналатыны түсіндіріледі. Демонстрацияланған тәжірибеде 
механикалық энергия электр энергиясына айналады.
Кейінрек ролі туралы мәселеге электр тізбегін қарастыруға байланысты қайта 
оралу қажет болады.
Әрі қарай токтың бағыты туралы мәселені түсіндірген жөн. Металл 
өткізгіштерде электрондар токтың қабылданған бағытына қарама
-
қарсы бағытта 
қозғалатынын оқушыларға ерекше ескерту керек. 
Алайда токтың бағыты туралы оқып үйренуді электр тогының
әсерлерін 
қарастырғаннан кейін де жүргізуге болады. Мұның орынды болу себебі токтың 
бірқатар әсерлері (химиялық, магниттік) оның бағытына байланысты болғандықтан. 
Мұнан кейін химиялық ток көздерін: гальвани элементтері мен 
аккумляторларды оқып үйренуге көшеді.
8-
класта химиялық ток көздерінде болатын процестерге түсінік берілмейді. 
Ток көздері құрылысының сипаттамасымен, жұмыс істеуін көрсетумен, оларды 
қолданудың кейбір ережелерін хабарлаумен және олардың ішінедегі энергия 
айналуының сипаты туралы жалпы мағұлымат берумен шектелген жеткілікті.
Гальвани элементтерінің ішінен алғашқы ток көздері болып табылатындарын 
көрсетейік:
Вольта 
элементі;
демонстрациялық 
қондырғы 
Е.Н.Горячкиннің 
электролизге арналған жинағынан құрастырылады;
Лекланшенің құрғақ элементі

элементтің жұмыс істеуі көрсетіледі және 
сонымен бірге барлық құрамды бөліктері көрінетін элемент қимасы беріледі. Қалта 
фонары батарейкасының жеке бөліктерін таратып берілетін материал ретінде 
қолданған пайдалы.
Гальвани элементтерінде электродтар мен электролиттер шығындалып, 
мұнда химиялық энергия электр энергиясына айналатынын оқушыларға түсіндіру 
қажет. Лекланше элементінде цинк шығындалатыны айқын көрінеді. Ескі элементтің 
(қалта фонары батарейкасының қорабын) цинк электродының мүсәтірмен өзара 
әсерлесуінің нәтижесінде жартылай шығындалғанын (бұзылғанын) оқушыларға 
көрсеткен жөн;
Аккумляторлар –
 
екінші кезектегі ток көздері –
қышқылды және сілтілі 
болады.
Қышқылды 
аккумлятордың 
жұмыс 
істеу 
принципі 
алғашында 
Е.Н.Горячкиннің электролизге арналған приборымен көрсетіледі. Артынан 
қышқылды аккумлятордың, мысалы, автомобильдің, жұмыс істеуі, сонан соң оның 
қимасы және жеке бөліктері демонстарцияланады. 
Сілтілі аккумлятордың қызметін жұмыс істеп тұрғанда көрсетеді. Оның 
құрылысын мүмкіндігінше жарып көрсетілген аккумлятор қалбыры тілігінің 
көмегімен түсіндіру керек.
8-
класта бағдарлама бойынша басқа ток көздері (фотоэлементтер, 
термоэлементтер) оқылмауы керек. Алайда сабақтарда олардың қызметін 
демонстарциялап көрсетсе пайдалы болар еді. Бұл ток кздерінің қазір практикада 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
қолданылып жүргенін, ал келешекте жаңа ток көздері мұнан да кеңірек 
қолданылатынын мұғалім әңгімелеп беруі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет