39
- Күшейтілген дұға жасау, (тфила) дұға жасауға (кавана) толық берілуі
қажет. Қол жуарда, тамақ алдында және тамақтан кейін дұға оқу керек.
Тамақтың әрбір түрі үшін өзіндік дұға мәтіні болады. Сенбілік, мерекелік
шырағданды жағар алдында дұға оқылады.
- Синагогада біріккен құлшылық ету он ересек адамның, яғни «діни
қатынаста құқығы бар еркек болғанда ғана жүргізіледі. Бірақ ерекше жағдайда
жалғыз дұға жасауға болады».
- Пост
(ауыз бекіту) - күнәдан тазару, тәубаға келу күндері, ұлы апат
және т.б. Иудейлік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың,
шехит ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады.
Шошқа, жылқы,
қоян етін жеуге, бір уақытта ет және сүт тамақтарын
колдануға тиым салынады. Егер тамақ алдында иудей сүт тағамын ішсе,
онда ет тағамдарын жеу алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап (нан
түйірін) тағам жеуі керек. Тамаққа қанды қолдануға айырықша тиым салынған.
- Шавуот
(шабуот) - апта мейрамы немесе Мұсаға Синай тауында Тораның
берілуіне байланысты мейрам. Иудей діни
ойшылдарының пікірінше, бұл
мейрам пасханың бірінші күнінен соң 50 күні өткізіледі.
- Иудаизмның көп ғасырлық тарихында жікшілдік, секталар,
бағыттар,
қозғалыстар пайда болды. Бүгінгі уақытта, ғалымдардың пікірінше, төменгідей
иудаизм
бағыттары қалыптасты: караим, хасидизм, реформаторлық,
консерваторлық, ортодоксальды. ХІІ-ХІІІ ғасырда еврй діни ойшылдарының,
арасында Каббала философиялық көзқарастар жүйесі тарала бастады.
Каббалистердің қасиетті кітабы – “Зогар” (“Шұғыла”).
Иудаизмнің діни мейрамдары: бірінші мейрам
Рошха-Ашана
(Рош-
Хашана) - діни Жаңа жыл, бүл күнді керней дыбыстары күні деп те атайды. Бүл
мейрам жаман, зұлым рухтарды керней дыбыстармен аластайтын ай
мейрамымен байланысты. Вавилондық тұтқындалудан кейін, вавилондық
мәдениет ықпалымен бүл мейрам «аспан соты» мейрамына айналды. Бүл күні
Яхве бүкіл тіршілікке үкім шығарады.
Келесі
маңызды мейрам -
Йом-Киппур -
сот күні, кешірім, тәубаға келу
және күнәдан арылу, о дүниелік болған ата-ана, жақын туысқандарды еске
түсіру күндері. Раввиндер іліміне сәйкес, Рош-Ашанадан кейін 10 күн ішінде
(тәубаға келу күндері) Яхве барлық адамдардың іс-шаруасын тексереді және
әрбір адамның келесі жылғы тағдыры туралы өзінің соңғы шешімін
дайындайды.
Бұл шешім Йом-Киппур күні жарияланады.
Ханука -
жарық мейрамы (Оттардың 8 күндік мейрамы).
Пурим (ежелгі грек сөзі «пур»- «жеребе») - Эсфири (Есфири)
құрметіне
мейрам. Бүл күні парсы патшасы Артаксеркс (Б.з.д. ІҮ ғ.) уақытында зүлым
Аманның қиянатынан азат болу атап өтіледі.Бүл оқиға жайлы Інжілдік кітап
«Есфирьде» әңгіме болады. Вавилондық тұтқындаудан азат болу.
Песах (Песах) - пасха; азаттық мейрамы - Египеттен еврейлердің шығуын
еске түсіруге арналған сегіз күндік мейрам.
40
Йом Га-Шоа -
Апат күні немесе Холокосты еске түсіру күні. «Шоа»
ивритте «құйын» мағынасын береді. Алғашқыда қаралы күн «холокост» және
героизм күні деп аталды. Бүл күнді 1951 жылы Израиль парламенті белгіледі.
Варшавалық Гетто көтерілісінің жылдық мерзімін Ниссан айының 27 күні атап
өтеді.
Бүл
күнді
зайырлы
билік
енгізуіне
байланысты
иудей
ультраортодокстары мойындамайды. Көптеген еврейлердің пікірінше,
айырықша мемориалды күнді белгілеу дәстүрге қайшы келеді.
Иудаизм-түрлі сыннан өткен дарынды халықтың діні. Еврейлер қуғын-
сүргінге ұшыраумен қатар, бірнеше рет геноцидті бастан кешті.
Еврей халқының өміршендігі және өзінің төл ерекшелігін сақтап қалуы
иудаизмнің арқасы. Иудаизм кез-келген еврей үшін дін ғана емес, сонымен
бірге өмір салты, моралдық сүйеніш және рухани тірек болды.
Қазақстанда
иудаизмді
алғашқыдан
қаған
бастаған
хазар
аристократтарының шектеулі тобы қабылдады.
Тарихи дерек бойынша,
алғашқы еврей қоныс аударушылары Түркістанға Персиядан келді, бүл ХІҮ
ғасырда. ХІХғасырдың соңы мен XX ғасыр басында кейбір елді мекендерде
еврей-қолөнершілер өмір сүрді.
Біздің елімізге еврейлердің жаппай келуі сталиндік репрессиямен
байланысты. Осы уақытта Украинадан, Ресейдің еуропалық бөлігінен, Балтық
жағалауы елдерінен көптеген еврей отбасылары қоныс аударды. Бүгінгі күнде
елімізде ортодокстік (негізінен бұл неоортодокстар және хасидтік қозғалыс
Хабад ұстанушылары), және реформаторлық және консервативтік ағымдардың
өкілдері өмір сүреді.
1998 жылы Алматыда жетінші любовичтік ребе-Менахема Шнеерсон
атындағы еврей орталығы ашылды. Орталықтың
синагогасы-Леви Ицхак
атында. Ол 1939 жылы Қазақстанға жер аударылған.
Қазақстанның бірнеше қалаларында синагогалар салынды. Барлық ірі
қалаларда еврей жексенбілік (воскресенье) мектептері бар.
Қазақстанда 10 жуық синагогалар бар. Елімізде 70 мыңға жуық дін
ұстанушылар бар. Елімізде Қазақстан еврейлер конгресі қызмет жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: