73
- Исламдағы бес уақыт намазды қосып үш рет оқиды. Құлшылықтан кейін
имамдарды еске алады. Құлшылық орындарын «жамағатхана» деп атайды.
- Зекет беру міндетті парыз болып есептеледі. Зекет арнайы адамдар
тарапынан немесе көсемдері тарапынан жиналады. Жиналған зекет көсемге
беріледі. Ол жамағаттың қажеттіліктеріне жұмсайды.
- Рамазан айында ораза ұстайды.
- Қажылық Меккеде орындалады. Сонымен қоса Кербела секілді
жерлердегі имамдардың мазарларына зиярат етіледі.
- Имам және көсемдердің талабын орындау үшін жанымен, мал-мүлкімен
жихад ету парыз (міндетті).
Негізінен бохралар суннитерге жақын бір ұстанымда. Бұлардың көсемдерін
«даи» деп атайды. Бас даи әлі күнге Үндістанның Гуджерат аймағындағы Сурат
деген жерде отырады. Орталықтары осы жер.
Ал низарилер Сирия және Ирак жолдарымен Иранға өтті. Негізінде имамия
шииттігіндегі Хасан Саббах исмаилиттердің ілімін қабылдап Аламут
Қорғанында бір мемлекет құрды. Бұл мемлекет 1256 жылы Құлағу тарапынан
талқандалғанға дейін өмір сүрді. Кейіннен бұлардың бір бөлігі Үндістан
тарапына өтіп кетеді. Басшыларына Аға Хандар деп айтылатын низарилердің
негізгі ерекшеліктері мыналар:
- Аллаға, Пайғамбары Мұхаммедке, Құранға және өлгеннен кейін
тірілетіндіктеріне сенетін низарилердің ең басты сенім негізі «Имамдық» болып
табылады. Бір исмаилиттің өз заманының имамын білуі, тануы және
бұйрықтарына бас июі міндет. Имамға бас ию, Аллаға бас июмен тең. Сенім
негіздері «әрбір көрінген ашық нәрсенің бір көмескі жағы бар және ең
маңыздысы осы көмескінің түбінде жатқанды түсіну» дегеннен тұрады. Осы
түсінік негізінде олар ғибадатты, яғни намазды бір «дұға» деп түсіндіреді.
Күніне үш уақыт намаз оқиды. Намаздарында бүкіл мұсылмандар секілді
Қағбаға емес, имамдары отырған жаққа қарайды. Кербела топырағынан
жасалған «мөр»деп аталатын керамитке сәжде етеді. Рамазан және Құрбан айт
мейрамдарында басқа мұсылмандармен бірге намазға тұрады. Ирандағы
низарилер болса еш намаз оқымайды.
- Жылына бір рет, онда да Рамазанның 21-күні ораза ұстайды.
- Қажылық имамдарын зиярат етуден тұрады.
- Зекет имамға беріледі. Имам, яғни Аға Хан бұл қаржыны өз қалауы
бойынша жұмсайды.
- Жиhад адамның өз нәпсісімен күрестен тұрады.
Әр түрлі елдерде өз ілімдерін насихаттаумен айналысып жүрген низарилер
шииттіктегі «тақийа» әдісін қолданып өздерін басқа мұсылмандар арасында
байқатпай жүре береді.
Шииттік исламды Қазақстанда әзірбайжан ұлтының өкілдері ұстанады
және Алматы қаласында бір шииттік мешіт қызмет етеді. Дегенмен исламдағы
бұл бағыттың Қазақстандағы даму қарқыны жоғары емес.
Достарыңызбен бөлісу: