63
дін, сенім мәселесіндегі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып жүрушілерге
сунниттер немесе «Әһли сунна вал жамаға (Сунна
мен қауым бірлігінің
адамдары)» деп айтылады. Осыған байланысты сунна сөзі бүкіл мұсылман
қауымын қамтитын өте ауқымды ұғым болып табылады. Бұл атаудың шығу
тегіне байланысты ислами әдебиеттерде Мухаммед пайғамбардың «Менің
артымнан ерген үмметім жетпіс үш тармаққа бөлініп кетеді. Біреуінен басқасы
тозаққа кіреді. Сол кезде қасында болған сахабалар тозақтан құтылатын қай топ
деп сұрағанда Аллаһтың елшісі «ол топ менің артымнан ерген және менің
артымнан ергендердің соңынан жүргендер» деген хадисіне сілтеме береді. Осы
құтылған топты немесе жамағатты «Әһли сунна вал жамаға» деп айтады.
Сүннет араб тілінде «тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет» деген
мағыналарды білдіреді. Қысқа қайырып айтар болсақ сүннет
Мұхаммед
пайғамбардың айтқан сөздері (хадис) мен бүкіл өмір салтын қамтитын іс-
әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Жалпы Сунниттік сенім жүйесінің
айқын түрде көріне бастаған кезеңі Омейядтар халифатының соңғы кездері мен
Аббаситтер халифатының тарих сахнасына шыққан тұсына тура келеді. Ал
Сунниттер, «Әһли сунна вал жамаға» немесе осы секілді атауларды оныншы
ғасырлардан бастап мұсылмандардың басым бөлігін құрайтын көпшілікке
қолданғандығына ислами дереккөздерден куә боламыз.
Алғашқы кездерде мұсылмандар біртұтас қауым болатын. Заман өте келе
ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен әртүрлі бөлінулер бой көрсетіп,
кейбір ағымдар пайда болды. Бұл ағымдарды
қысқаша атап көрсетер болсақ,
олар: харижиттер, шиитер, мутазилиттер, муржия, қадария, жабрия.
Сунниттік ағымды заман талабы мен өмір қажеттілігі дүниеге әкелді. Егер
кейбір діни-саяси жағдайлар, шиитер, харижиттер және мутазилиттер секілді
ағымдар шықпағанда Сунниттер деп аталатын бір ағымға да қажеттілік болмас
еді. Өздерін Мухаммедтің көрсетіп берген тура жолымен жүрушілер ретінде
есептейтін Сунниттер қазіргі таңда бүкіл әлемдегі мұсылмандардың 90
пайыздан астамын құрайды. Сунниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт
«әділетті халифтердің» заңды билігін мойындау; алты «қағидалы»
хадис
жинақтарының (Кутубу-Ситта) дәйектілігіне күмән келтірмеу; сунниттік төрт
құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу (маликиттік, шафииттік, ханафиттік
немесе ханбалиттік) жатады. Шииттерден сунниттердің айырмашылығы -
олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пайғамбардан соң елшілік етуші
жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Олар Алидің «құдайи»
табиғатын да қабыл алмайды әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет
басқаруға) толық мұрагер екендігін де мақұлдамайды. Өзінің шығуы жағынан
сунниттер
шииттерден кейін, соларѓа реакция, жауап ретінде пайда болады.
Бастапқыда ол шииттік исламға қарсылық ретінде қабылданатын. Суннизмнің
аясында ерекше секталар пайда бола қойған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен
бөлектеп тұрады.
Жоғарыда айтылған төрт сунниттік құқықтық мектептердің барлығы дұрыс
және тең дәрежелі болып есептелгенімен олардың арасында да белгілі бір
мәселені шешуде өзіндік ерекшеліктер бар.
64
Ханафи мазхабының (құқықтық мектеп) құрушысы Имам Ағзам Әбу
Ханифа Нұғман ибн Сәбит болып табылады. Ол 699 жылы Куфа қаласында
дүниеге келіп, 767 жылы Бағдатта қайтыс болады.
Әбу Ханифа мазхабын
сунниттердің басым көпшілігі ұстанады. Жас кезінен бастап білім алуды
бастаған ол Куфа қаласындағы сол заманның алдыңғы қатарлы ғұламаларынан
хадис үйреніп, шариғат (ислам құқығы) мәселелерімен айналысады. Әбу
Ханифа шариғат заңдарын шығару барысында өзіндік бір әдіс (метод) жасап
шығады. Ол өзінің әдісі туралы былай деген екен: “Мен белгілі бір мәселеде ең
әуелі Алланың кітабына (Құран) сүйене отырып үкім шығарамын. Егер ол
жерден таппасам пайғамбардың сүннетінен іздеймін. Іздегенімді екеуінен де
таппасам пайғамбардың сахабаларының сөздеріне бас ұрамын,
бірақ олардың
ішінен өзіме ұнағанының көзқарасын аламын, ұнамағанын алмаймын. Алайда
сахабалардың көзқарастарынан бас тартып, сахаба еместердікіне еш уақытта
жүгінбеймін. Сахаба еместерден Ибрахим ән-Нахаи, Шаъбий,
Ибн Сирин,
Хасан әл-Басри және Саид ибн Мусаййаб (сол дәуірдің атақты ғұламалары)
сияқтылар туралы әңгіме айтылар болса бұлардың барлығы өз ақылдарын
пайдаланып жүрген ғалымдар болып табылады. Мен де өз ақылымды қолдана
отырып осылардың жасағанындай жасаймын”.
Бұл жерден Әбу Ханифаның алдымен Құранға, одан кейін Суннетке
(Мухаммед пайғамбардың сөздері мен іс-қимыл әрекеттері), одан кейін
сахабалардың сөздеріне жүгінгендігін, ал сахаба
еместердің сөздеріне мән
бермегендігін байқаймыз. Құран мен сүннетке сүйеніп үкім шығару осы
принципке негізделіп жасалады. Әбу Ханифаның шариғат заңдарын жасау
барысындағы қолданған әдістері мына жеті принципке негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: