66
Келесі бір сунниттік ағым болып табылатын Ханбали мазхабы Ахмед ибн
Ханбал тарапынан құрылған. Ханбали мазхабы басқа сүннит мазхабтарына
қарағанда мутазилиттерге қарсы діни-саяси қозғалыс түрінде пайда болды да,
содан кейін барып құқықтық мектеп болып қалыптасты. Ахмед ибн Ханбал 778
жылы Бағдатта дүниеге келіп, сол жерде 855 жылы өмірден өтеді. Білім алу
үшін сол дәуірдің ғылым орталықтары болып саналатын Мекке, Медине, Шам,
Йемен және т.б. аймақтарға сапар шегеді. Бұл мазхабтың басты ерекшелігі
“жаңашылдыққа” (бидға) қарсы, шариғаттың заңдарының орындалуына өте
қатал, дінде еркін ойшылдыққа жол бермейді. Қияс әдісін шектеулі дәрежеде
қолданады.
Ханбалиттердің
жаңашылдықты
толықтай
жоққа
шығармайтындықтарын
да
айта
кету
керек.
Өйткені
ханбалиттер
мұсылмандарға телевизор, радио, телефон секілді дүниелерді қолдануға рұқсат
беруге мәжбүр. Бұл мазхаб қазіргі таңда тек Сауд Аравиясында ғана таралған.
Осы елдегі Ваххабилікті ханбали мазхабының жалғасы деп атауға да болады.
Бұл мазхабты ұстанушыларға тән ерекше белгілердің қатарында әулие-
әмбиелерді жоққа шығару, сопылыққа деген қарсылық, қабірлерді зиярат етуге
деген қарсылықты көрсетуге болады. Соңғы уақытта бұл ағымның өкілдері
біздің елімізде де пайда бола бастады. Бұл мазхаб Сауд Аравиясынан келген
азаматтар мен сол жерден білім алған студенттер тарапынан таралуда.
Біз жоғарыда көрсеткен төрт құқықтық сунниттік мектептер ислам дінінің
практикалық жағын көрсетсе, теориялық жағын бекітетін тағыда үш мектеп
бар. Бұларды «ақаидтағы» (сенімдегі) мазхабтар деп айтады. Сенімде (ақаид)
Әбу Мансур әл-Матуридидің (ө. 944 ж) қалыптастырған мазхабын
ұстанатындарға Матуридилер деп айтылады. Келесі бір суннитік мазхаб
Ашарийлер деп аталады. Негізін қалаушы Әбул Хасан әл-Ашарий (ө. 916 ж.).
Сондай-ақ өздерін пайғамбар мен сахабалардың көрсеткен жолымен жүрушілер
ретінде есептейтін Салафилер деп аталатын көпшілік бар. Бұл ағымның
ұстанушыларының дені Сауд Аравиясында орналасқандар. Негізінен құқықта
(фыкҺ, шариғат) ханбалиттік мазхабты ұстанатындар сенімде (ақаид) осы
салафилікті басшылыққа алады. Сенімге (ақаид) байланысты мазхабтардың
қызметі, ең басты мақсаты ислам дінінің сенім жүйесін сырттан келетін әр түрлі
теріс пікірлер мен зиянды көзқарастардан сақтау болып табылады. Аталған
мектептердің қарастыратын мәселесіне Жаратушы Алланың бірлігі, мәңгілігі,
құдыреттілігі, әлемнің жаратылуы, өлімнен кейінгі өмір, пайғамбарлық, имамат
(мемлекет басшылығы) сияқтылар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: