8
рым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар ӛсімдік пен
жануарлар, ӛсімдік пен ӛсімдіктер,
жануарлар мен жануарлар
және жәндіктер арасында болуы мүмкін.
Биотикалық факторлар тӛмендегіше жіктеледі:
а)
фитогендік
–
ӛсімдіктер қауымдастығындағы даралар-
дың (әрбір ӛсімдіктердің) бір-біріне әсері: симбиоз, паразитизм,
механикалық түйісу, контакт әсері, микроклиматты ӛзгерту;
б)
зоогендік
– жануарлар мен жәндіктердің ӛсімдіктерге
және бір-біріне әсері (ӛсімдіктермен және бір-бірімен қоректе-
ну, таптау, тозаңдандыру, тұқымдарын тарату, т.б.);
в)
микробиогендік
–
вирустар, қарапайымдылар, бактерия-
лар, т.б. әсері
г)
антропогендік факторлар
–
бұл қоршаған ортаға, тірі
организмдерге (ӛсімдіктерге) адамзат іс-әрекетінің тікелей және
жанама әсері. Адам баласы ӛзінің материалдық игілігі және
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін
табиғат байлықтарын иге-
руде. Нәтижесінде, ӛнеркәсіп зауыдтары мен фабрикалар, ірі ке-
шендер салынып, кен алу және байыту, автокӛліктер, ауыл шар-
уашылығы салалары жылдан жылға дами түсуде. Ал, олардан
зияндылығы әртүрлі газдар, қалдықтар,
лас сулар, зиянды хи-
миялық қосынды заттар қоршаған ортаға түседі, шашылады, та-
райды. Яғни, ауаның ластануы, су
айналымының бұзылуы, то-
пырақтың ластанып құнарсыздануы, қуаңшылық, ӛзен-кӛлдер-
дің
ластанып тартылуы, ӛсімдіктер мен жануарлардың сиреп
немесе құрып жойылуы, адам баласының денсаулығының бұзы-
луы және биосфера ішіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың
ӛзгеру құбылыстары үдей түсуде. Соңғы жылдары антропоген-
дік әсердің, қысымның биосфераға
әсері айқын біліне бастады
және зор геохимиялық күшке айналды. Осыған орай, адамзат іс-
әрекеті бақылауға алынып, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына,
ӛзгеруіне жол бермеу мақсатында ғаламдық проблемалар деңге-
йінде қарастырылуда (Бұл тақырып мәселелері 11-ші тақырыпта
қаралған)
Биоценоз
– табиғи жағдайлары
бірегей жерлерде тіршілік
ететін ӛсімдіктер, жануарлар, жәндіктер және микрооганизмдер-
дің жиынтығынан тұрады. Биоценоздағы организмдер ӛлі таби-
ғатпен бірлестікте ғана ӛмір сүреді. Сондықтан биоценоз компо-
9
ненттерінің қолайлы тіршілік ортасы – биотоптардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: