Сімдіктер экологиясы


Пәнді оқытудың мақсаты мен жоспары



Pdf көрінісі
бет3/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Пәнді оқытудың мақсаты мен жоспары 
 
 
Қоршаған орта әсері және оған ӛсімдіктердің реакциясы ту-
ралы қазіргі кезеңде жинақталған кӛп ғылыми мәліметтерді жү-
йелеп, әртүрлі топырақ-климат және экологиялық жағдайында 
ӛскен ӛсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құры-
лысындағы ӛзгерістерді, морфофизиологиялық ерекшеліктерін, 
ӛмір сүрудегі бейімделуін, тұқым қуалаушылық ерекшелікте-
рін, ценотикалық (қауымдастықтағы) орнын зерттеп түсіндіреді. 
Бұл пәнді зерттеуге қажетті іргелес пәндер: «Ботаника», «Ӛсім-
діктер анатомиясы, морфологиясы және систематикасы», «То-
пырақтану», «Ӛсімдіктер географиясы», «География», «Биогеог-
рафия», «Геоботаника», «Фитоценология», т.б. 
Ӛсімдіктер мен оларды қоршаған орта арасындағы негізгі 
қарым-қатынас заңдылықтармен, яғни ӛсімдіктерге нақтылы 
қандай факторлар, олардың қандай түрлері қалай, қандай жол-
дармен әсер, ықпалдарын тигізгенде сырт пішіндері мен құры-
лысының, ӛсіп-ӛнуімен дамуының, кӛбеюінің және табиғаттағы 
басқа организмдер арасындағы алар орнының ӛзгерістерге ұшы-
рауымен жан-жақты таныстыру.
Пәннің мазмұны мен ерекшелігін ескере отырып, курс бағ-
дарламасы шартты түрде, бір жүйеге келтірген тӛмендегі тарау-
ларға бӛлінген: «Қоршаған орта және ӛсімдіктердің тіршілік 
жағдайлары», «Күн радиациясы және оның ӛсімдіктер тіршілі-
гіндегі маңызы», «Жылу ӛсімдіктер тіршілігіндегі әсерлі фак-
тор», «Су және оның экологиялық маңызы», «Топырақ фактор-
лары және олардың ӛсімдіктер тіршілігіндегі маңызы», «Ат-
мосфералық ауа және оның ӛсімдіктерге әсері», «Ӛсімдіктердің 



тіршілік формалары», «Антропогендік факторлардың ӛсімдіктер 
тіршілігіне әсері». 
Пәннің талаптары мен оқытудағы міндеттері
 
Ӛсімдіктердің тіршілік қызметіне әсер етуші факторлардың 
ерекшеліктері мен заңдылықтары; факторлардың жеке немесе 
топтық әсеріне ӛсімдіктердің реакциясы (жауабы); ӛсімдік және 
орта жүйесіндегі негізгі процестер, қарым-қатынас механизм-
дері мен қызметтік (функционалдық) байланыстары, ӛсімдіктер-
дегі зат алмасу, қоршаған ортамен энергия алмасу ерекшелік-
тері; экологиялық факторлардың орын ауыстырмайтындығы 
мұқият түсіндіріледі.
Студенттер экологиялық морфология, ӛсімдіктер анатомия-
сы және морфофизиологиялық ерекшеліктері жӛніндегі сандық 
және сапалық кӛрсеткіштер мен әдістерді зерттеп, іс жүзінде 
дұрыс және біліктілікпен қолдана алуы тиіс, зерттеу материал-
дары бойынша нақтылы, бағалы қорытындылар жасап, оларды 
іс жүзінде пайдалану керек. Курсты оқу процесінде ӛсімдіктер 
экологиясы туралы алған білімдерін ӛсімдіктердің жақсы да-
муына мүмкіндік (жағдай) туғызатын экологиялық-практикалық 
міндеттерді шешуде пайдаланып, іс жүзіне асыруы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет