30
Ӛсімдіктер – пойкилотермді организмдер, яғни олардың де-
несінің температурасы қоршаған
орта температурасымен сәй-
кестенеді. Олардың ӛсіп дамуы кезеңі ішінде немесе белгілі бір
кезеңде қабылданған керекті температураны анықтайтын кӛр-
сеткішті
температуралар қосындысы
немесе
тиімді темпера-
туралар қосындысы
(∑t°) деп атайды. Ол салқынға тӛзімді
ӛсімдіктер (дақылдар) үшін +5°С-тан
жоғары температуралар
қосындысы, қоңыржай климатта ӛсірілетін дақылдар үшін
+10
0
С-тан, жылы сүйгіш дақылдар (ӛсімдіктер) үшін +15
0
С-тан
жоғары тәуліктік орташа температуралар қосындысы алынады.
Қоңыржай аймақта ӛсетін табиғи шӛптесін ӛсімдіктер үшін
+5°С-тан жоғары температура кӛктемгі
құбылыстарды туында-
татын температура деп есептеледі.
∑ t
0
═ (t°
– t°
а
) · n ,
мұнда, ∑t
0
– тиімді
температуралар қосындысы; t°
– белгілі ке-
зеңдегі тәуліктік орташа температура; t°а
– шартты түрде алын-
ған (мысалы, +5°С, +10°С, +15°С) температура деңгейінен жоға-
ры тәуліктік орташа температура; n – кезең аралығы, күн саны.
Тиімді температуралар қосындысы әрбір дақылдар үшін әр-
түрлі және белгілі деңгейде айырмашылықтары бар. Мысалы,
бидайға керекті ∑t° – 1550-1850°С, күріш үшін ∑t° – 3500-
4000°С. Сондықтан Қазақстандық Арал ӛңірінде
бидайды нау-
рыз айында және
сәуір айының басында себеді, ал күрішті ма-
мыр (1-25) айында егіп суға бастырады.
Достарыңызбен бөлісу: