қабақ беріпті.
Желден, ұшқыннан қаға берсін болуы үшін
кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып
тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып
қас беріпті.
Құлақ болмаса, не
қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззаттанып хабар ала алмас едік.
Мұрын иіс білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?
Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?» [2, 49-б.].
Кейде жаңа лексикалық бірліктерді меңгеру үшін тек жаттап қана қою жеткіліксіз
болады. Бұл тұрғыдан А1 және А2 дейінің тіл үйренушілері үшін лексеманы сипаттау
әдісін қолданған жөн. Сондықтан жоғарыда берілген мәтіннің мысалы адам келбетіне
байланысты атауларды, сын-сипаттарды түсіндірме сөздіктегідей тәсілмен сипаттауға
үйретер еді.
Тіл үйрену процесі жалаң мәтінді оқумен шектелмейді. Мәтіндегі әрбір сөздің мәнін,
олардың грамматикалық формаларын оқушы игереді. Жаттығулар арқылы пысықтайды.
Сондай-ақ олардың мазмұны да әмбебаптығымен ерекшеленуі керек. Мысалы, Абайдың
екінші қара сөзі Елтаным тақырыбы бойынша материал ретінде қолданыла алады. Қазақ
сөзді оқи отырып, тіл үйренушілер қазақ, сарт, тәжік, ноғай, орыс ұлтына тән жалпылама
және айрықшалаушы белгілермен танысады, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді және
әлемдегі басқа да ұлттармен салыстырады, пікірталас ұйымдастырады. Елтаным
тақырыбын өткенде тілдік материал ретінде
есімше мен оның анықтауыш қызметінде жұмсалуына назар аударуға болады.
Мысалы: «Енді қарап тұрсам,
сарттың
екпеген егіні
жоқ,
шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің
жүрмеген жері жоқ,
қылмаған шеберлігі
жоқ» [2, 7-б.].
Қазақ тілі сабақтарын жоспарлауда тақырыптық ұйымдастыру бірінші жүреді немесе
тілдік ұйымдастыру бірінші жүреді. Ал қайсысына таңдау беру оқытушының шеберлігіне
байланысты болса керек. Егер сабақ жоспары бойынша шартты рай мен бұйрық райдың
қолданысынан тұратын әрі қарсылық мағынаны білдіретін «-айын/-ейін + десең»
грамматикалық құрылымын игерту үшін Абайдың жиырма екінші қара сөзін алуға
болады. Себебі бұл қара сөздегі қысқаша келген 9 абзацтың алтауы дәл осы
грамматикалық құрылыммен басталады. Мысалы: «