Мықтыны құрметтейін десең
,
жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып
құрметтейін десең
, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ.
Ғаріп-қасар бишараны
құрметтейін десең
, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер
мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар» [2, 40-б.].
Қазақ тілін меңгергісі келетін оқушылар міндетті түрде мақал-мәтелдермен таныс
болуы керек. Оларды оқып, түсініп, өмірлік жағдаяттарда қолдана білуі керек. Осы
міндеттердің шешімі Абайдың бір топ қара сөздерінде жатыр. Мысалы, үшінші қара сөзде
Абай өзі мысал келтіріп, өзі түсіндірме береді: «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі
білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы,
айлалылығынан жетерсің» деген сөз» [2, 11-б.] немесе «Бұрынғы қазақ жайын жақсы
білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі - тақ
болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз» [2, 12-б.].
Алтыншы қара сөзі түгелдей бір ғана «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген
мақалды талдауға арналса, бесінші қара сөз материалдық жағдайға байланысты бір топ
113
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
мақалдарды келтіреді және оны қазақ қоғамының түсінігімен байланыстырады. Жиырма
тоғызыншы қара сөз тіл үйренушілерді мақалдардың бәріне көзсіз бас ұрмай, оларға сыни
тұрғыдан қарай білуге үйретеді. Қазақтардың өмірлік тәжірибесінің тоқсан ауыз түйінін
құрайтын мақалдар, мәтелдер және афоризмдер Абайдың отыз жетінші қара сөзінде
жинақталған. Бұл қара сөзді сабаққа негізгі материал ретінде ала ма немесе қосымша
оқуға бере ме – ол оқытушының еркіне қалдырылады.
Ал, жиырма үшінші қара сөзден алынған үзінді сұраулы сөйлемнің түрлері, жасалу
жолдары, антоним сөздер, ауыспалы осы шақ, бұрынғы өткен шақ сынды грамматикалық
тақырыптарын игертеді әрі оқушының ойына қозғау салатын миға шабуыл әдісіне
таптырмас материал болар еді: «Енді жұбанышы - жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ
жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш
қылады. Оған құдай тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп. Көпке қаһарым
жүрмейді деп. Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па?
Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел
ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің
керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жармысы
арыса, жармысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы
ма? Жарым-жартысы аман қалғаны жақсы ма?» [2, 42-б.].
Жетінші қара сөз Отбасылық және қоғамдық қатынастар атты қатысымдық тақырыпқа
негіз бола алады. Қара сөздің мазмұны анадан туған баланың екі түрлі мінезбен
туатындығын, бала тәрбиесі, бала мінезі болашақта бір адамның тағдырына
айналатындығын бағамдай отырып, жас ұрпаққа уағыз айтады. Тіл үйренушілер
сәбилердің мінезімен, олардың өзіндік әлемімен танысады, оларды өз әлемдерімен
салыстырып шығады.
Он төртінші және он бесінші, он тоғызыншы сөздер өздері арқалайтын зор тәрбиелік
мәні арқылы ерекше орын алады. Олай дейтініміз: рухани құндылықтар, мінез түзеу,
өмірді жоспарлау сынды мәселелер қазіргі уақытты әр адам үшін өте өзекті. Мысалы:
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» [2, 32-б.], «Рақымдылық,
мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да
болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды» [2, 29-б.] деген жолдар А2, В1, В2 деңгейлері үшін жеке тұлға
және қоғам тақырыбына сай келетіндігін көрсетеді.
Абайдың отыз бірінші және отыз екінші қара сөздерін жоғары оқу орнының білім
алушыларына арнап жазылған постулаттар дерсіз. 31-сөздегі естіген нәрсені ұмытпаудың
төрт нақты шарты және ақыл мен ғылымды тоздыратын «уайымсыз салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу» сияқты қасиеттер
коммуникативтік құзыреттіліктің барлық түрлері (сөйлесім, жазылым, оқылым,
тыңдалым) үшін тақырып бола алады. Ал 32-сөздің мәтіні білім жолына
талаптанушыларға қажетті 6 кеңестен тұрады. Әрбір кеңес өмірлік тәжірибе
қорытындысы ретінде дәйекті түрде жазылған. Мысалы, «Алтыншы - ғылымды, ақылды
сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!» [2, 61-б.], «Адамның
көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.
Шала мейір шала байқайды» [2, 59-б.] сынды жолдар әр қазақтың оқуына ғана емес,
өмірлік ұстаным ретінде жаттап алуына лайықталып жасалған.
Отыз үшінші қара сөз қазіргі заманғы бизнес бастауларымен байланысып жатыр:
Абай ақша табудың жолы ретінде қолөнерді көрсетіп, бұл кәсіпті меңгеру кезінде бойды
аулақ ұстауы жөн салатын кеселдерді анықтап береді.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту методикасында қазақша сөйлесім дағдыларын
ұштауға арналған деңгейлік тақырыптар мен сұрақтар жүйесінен тұратын оқу құралдары
әлі дайындалмаған. Бірақ ағылшын тілін оқыту жүйесіне көз салсақ, «Speaking prompt
114
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
cards» сынды жинақтар көптеп жасақталған. Олардың негізін өмірдің барлық саласын
қамтитын, ойға түрткі салатындай сұрақтар құрайды. Дәл осындай сұрақтардың бір
парасын біз Абайдың қырқыншы қара сөзінен таба аламыз. Қара сөздің бас-аяғы оқушыға
салмақты ой тастайтын 21 сұрақтан тұрады. Сұрақтардың көтерген жүгі ауыр, контрастқа
толы. Сондықтан оларды В2 және С1 деңгейлерінің сөйлесім бөлігі үшін қолдану өте
оңтайлы болып табылады.
Қазақстан көп ұлтты қоғам ретінде өзге ұлт өкілдерінің және орыс тілді қазақтардың
мемлекеттік тілді игеруіне барынша жағдай жасаумен жылдар бойы айналысып келеді.
Бұл мақсатта атқарылған істер де көп, жоспарланған шаралар да біршама. Осы тұрғыдан,
мемлекеттік тілді меңгерту, оның методикасын дамытудың жұмыстары әрдайым Абайдан
бастау алғаны жөн деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:
1.
Абай. Қара сөздер. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. – 124 бет.
2.
Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама.
Астана: Ұлттық тестілеу
орталығы, 2016. – 88 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |