29
Қосымша
1-қосымша
Жолда жүру ережелері
Жаяу жүргінші:
- тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және
жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп-
тұруға;
- жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен,
оның ішінде
жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде –
тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін
аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің
шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге;
- жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен
кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған
көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен,
маңайды шолуды
шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға;
- реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз
болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға;
- маршрутты көлік құралы мен таксиді – аялдама пункттерінде, ал олар
болмаған кезде – тротуарда немесе жол жиегінде күтуге
міндетті;
- автомагистральдарда тұруға тыйым салынады.
Мопед пен велосипед жүргізушілеріне:
- ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;
- жолаушылар тасымалдауға;
- қатарында велосипед жолы болған кезде жолмен жүруге;
- жаяу жүргінші өткелімен жүруге тыйым салынады.
Дереккөз:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000194
Сонымен қатар:
- жаяу жүргінші тротуары болмаған жағдайда, көлік жолының жиек
сызығымен, көлік қозғалысына қарсы бағытта жүру қажет.
- бағдаршам бар жерде жолды бағдаршамның жасыл түсті сигналы жанған
кезде қана кесіп өтуге болады;
- бағдаршамдары жоқ жерлерде жолды жер асты немесе жер үсті жаяу
жүргіншілер өткелінде, ал олар болмаған кезде жаяу жүргіншіге
арналған
жолақтармен («зебра») өту қауіпсіз болып табылады;
- барлық көліктер тоқтағандығына және жаяу жүргіншілердің өтуіне
мүмкіндік беретініне көз жеткізгеннен кейін ғана жолды кесіп өтуге болады;
- жол бойындағы қоршаулардан секіріп өтуге болмайды;
- егер жол кең болса, ал сіздің ол жолды толық өтуге уақытыңыз жетпей
қалса, «қауіпсіздік аралында» күтуге болады;
- жолда және
тротуарда ойын ойнау қауіпті;
30
- жүргізушінің сізді уақытында көруіне кедергі келтіретін ағаштардың,
автомобильдердің және басқа да объектілердің артынан жолдың жүру бөлігіне
жүгіріп шығуға қатаң тыйым салынады;
- тәуліктің қараңғы және кешқұрым уақытында киіміңізге жарық
шағылыстырғыш
жолақ жапсырып алыңыз;
- жолдың көлік жүретін бөлігінде тоқтап тұруға қатаң тыйым салынады;
- автобус аялдамасына түскеннен кейін, жолдың
келесі бетіне өту керек
болса, жол қиылысының арнайы жерінен ғана өтуге болады;
- автобус аялдамасына түскеннен кейін, жолдың келесі бетіне өту керек
болса, автобус жүріп кеткеннен кейін автобустың артынан өтуге болады (жаяй
жүргіншіге арналған жолақ болған жағдайда), яғни тоқтап тұрған автобустың
алдынан жүруге болмайды;
- көлік аз жолдарда да, аулада да әрдайым ұқыпты болу керек,
алдымен
солға, соңынан оңға қарап отыруды ұмытпау керек, себебі кез келген уақытта
көлік келіп қалуы мүмкін;
- үйдің тасасынан (бұрылысынан) жолға жүгіріп шығуға болмайды.
2-қосымша
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім
бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі – Сүлейменова Қарлығаш
Дулатовна әзірлеген «Дүниетану» пәнінде жолда жүру ережелерін оқыту
бойынша сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға болатын
ойын түрлерін, жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған
және «Жалғасын тап» атты тапсырмалардың нұсқалары:
Достарыңызбен бөлісу: