Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

физиологиялық белсенділік
дейді. Физиологиялық 
белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, 
тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-
қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның 
әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді. 
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. 
Тітіркену
деп сыртқы және 
ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін 
тітіркендіргіштер
деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-
химиялық, биологиялық. 
Физикалық тітіркендіргіштер
деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және 
электрлік әсерлерді айтады. 
Химиялық тітіркендіргіштерге
тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық 
заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады. 
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге
ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық 
қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрасиясы жатады. 
 Биологиялық тітіркендіргіштерге
макро және микроорганизмдердің әсері жатады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды 
тітіркенгіш
ұлпалар деп атайды. Оларға 
жүйке, бұлшық ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. 
Қозу
аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық 
қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет