3
3-тақырып. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы
Жүйке жүйесінің маңызы.
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай
төмендегідей анықтауға болады:
- мүшелерді
бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз
етеді.
Нейронның құрылысы
. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы.
Жүйке жасушасын
нейрон
деп атайды. Нейронның денесін
сома
деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ
өсінділерін -
дендриттер
, ал ұзын бір ғана өсіндісін –
аксон
(нейрит) деп атайды.
Аксонның сыртын
миелин қабығы
қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке
ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке
клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр
изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен
өсінділер арқылы байланысып,
синапстарды
(грекше “synapsis” -
байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс
екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің
пресинапстық
мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс
түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік
медиатор
деп аталатын белсенді химиялық
заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын
дендриттің қабығын
Достарыңызбен бөлісу: