5
Құйрықты ядро мен қауызды
ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың
қызметі күшейгенде бозарған
ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді.
Мұндай да паркинсон ауруындағы белгілер байқалады, ал қызметі
нашарлағанда хореяға ұқсас
кемшіліктер пайда болады.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-дай болады.
7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары)
. Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми
сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан
тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол
ми қыртысы
деп аталады, оның
қалыңдығы 2-4 мм.
Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған
нейрондардың аксондары құрайды.
Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар
деп бөлінеді.
Ассоциативті
талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады.
Комиссуральды
талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады.
Проекционды
талшықтар
жарты шардан тыс шығып кетеді.
Нейрондардың пішініне қарай ми қыртысы 7 қабаттан тұрады:
1. Молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.
2. Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.
3. сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың
пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.
4. Ішкі түйіршікті қабат.
5. Ганглиозды қабат. Ірі пирамидалы Бец жасушаларынан тұрады.
6. Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі.
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады.
Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:
1. Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау
қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің
қызметтерін қажетті
жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының қызметі бірдей еместігі анықталған. Мидың сол
жағындағы сөйлеу орталығы зақымданса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: