Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

постсинапстық мембрана
деп атайды. 
Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – 
клеткааралық сұйыққа толы кеңістік. 
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. 
Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. 
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған 
нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады. 
Жүйкелер мен жүйке талшықтары
. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының 
өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және 
миелинсіз. 
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке 
талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы 
жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де 
байланысты. Жүйке талшықтарын диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: 
А, В, С. 
А
тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы 
секундына 120 м. 
В 
тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру 
жылдамдығы секундына 5 м. 
С
тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру 
жылдамдығы секундына 2 м. 
Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке 
талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу 
жылдамдығы артады. 
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге 
айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан 
жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады. 
Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы. 
Адамның жүйке 
жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді. 
Орталық жүйке жүйесі
ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, 
ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша 
мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.



Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ 
бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады 
(орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы 
жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің 
терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін 
жүйкелендіреді. 
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару 
эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы). 
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 
жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа 
жуықтағанда аяқталады. 
Ми.
Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз 
қимылдатқыш, ІV- шығыршық, V-үшкіл (үш тарамды), VІ- бет бұру, VІІ- бет, VІІІ-дыбыс, ІХ-
тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері. 
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың 
толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты 
емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан 
төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады. 
Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми 
сыңарлары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет