Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет152/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208
§33 
 
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1. Жалпы ережелер 
1. Магистрлік диссертация туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы, 
23 тамыз 2012 жылғы №1080 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары оқу 
орнынан кейінгі білімнің жалпыға міндетті стандарттары, Білім және ғылым министрлігінің 
бұйрықтары және нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді. 
2. Осы Ереже 09.06.2006 жылғы ҚазҰУ ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында №9 
хаттамамен бекітілген «Магистрлік диссертация туралы ереже» және 28.01.2010 жылғы 
ҚазҰУ 
ғылыми-әдістемелік 
кеңесінің 
отырысында 
№3 
хаттамамен 
бекітілген 
«Магистратурадағы қорытынды аттестаттау талаптарының» орнына енгізілді. 
3. Ереже Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасының кәсіби оқу бағдарламаларын 
орындайтын білім алушылардың диссертациясының құрылымына, мазмұны мен жобалауына 
міндетті талаптарды анықтайды.
4. Магистрлік диссертация - магистранттардың ішкі бірлігі бар және таңдаған 
тақырыптың даму барысын және нәтижелерін көрсететін, белгілі ғылым саласына сәйкес 
нақты мамандықтың өзекті мәселелерін тәуелсіз зерттеу нәтижелерінің жалпылауы болып 
табылатын, қорытынды біліктілік ғылыми-зерттеу жұмысы. 
5. Магистрлік диссертация – магистранттың оқудың барлық кезеңі ішінде өткізілген 
ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-зерттеу жұмысының қорытындысы. Магистрлік диссертацияны 
қорғау магистранттың дайындығының қорытынды кезеңі болып табылады. 
6. Магистрлік диссертацияның мақсаты – магистранттың ғылыми / зерттеу біліктілік 
деңгейінің, дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілеті көрсеткіші, нақты ғылыми және 
практикалық мәселелерді шешуге қабілетілігін, оларды шешу үшін ең көп таралған әдістері 
мен техникасы жайлы білімін тексеру. 
7. Магистрлік диссертация тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесі 
атағын беру үшін негіз болып табылады. Ол магистратура түлегін шығармашылық 
тұжырымдауға және ғылыми практикалық мәселелерді шешуге қабілетті зерттеуші ретінде 
жетілгенін көрсетуі тиіс. 
8. Магистрлік диссертациялар қорғалуға ұсынғанға дейiн алдын ала қорғау және 
бітірушінің кафедрасынан плагиаттық тексеруден өту керек. Диссертациялық жұмыста әдейі 
жасалған плагиат дәлелдемелері анықталған жағдайда, үміткер диссертация қорғауға 
жіберілмйді және белгіленген тәртіппен университеттен шығарылады. 
9. Магистрлік диссертацияларды қорғау тәртібі ҚР БҒМ-нің нормативтік құжаттарымен 
және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Магистратура және докторантурадағы қорытынды 
аттестаттау туралы ережесімен» анықталады. Қорғалған диссертациялар белгіленген тәртіп 
бойынша университет мұрағатына беріледі және сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет