Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет150/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   208
§32
 
МАГИСТРАТУРАДАҒЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1.
 
Негізгі қағидалары 
 
1.
Магистратурадағы курстық жұмыс туралы ереже Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» Заңына, 2012 жылдың 23 тамызындағы ҚР Үкіметінің №1080 бұйрығымен 
бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандартына, ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен нормативті 
актілеріне сәйкес жасалған. 
2.
Ереже курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптарды, 
қорғауға ұсыну ретін және қорғау процедурасын анықтайды. 
3.
Курстық жұмыс оқу мерзімі кемінде 1,5 жыл болатын магистратураның кәсіби оқу 
бағдарламалары үшін магистрлік диссертацияның бірінші кезеңі болып табылады және 
магистранттардың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысына берілетін кредит 
көлемінде орындалады.
4.
Курстық жұмыстың мақсаты – мамандық пен ғылыми мамандандырудың теориялық 
мәселесін қарастырып шешу. Курстық жұмыс бірінші оқу жылы аяқталғаннан кейін ғылыми 
мақала жазу үшін пайдаланылуы керек.
5.
Курстық жұмыстың міндеттері: 
-
ғылыми-зерттеу/ғылыми-практикалық мәселелерді шешу кезінде базалық және 
бейіндік пәндер бойынша алған білімдер мен дағдыларды қолдану; 
-
ғылыми-практикалық талдаудың дағдылары мен ептілігін қалыптастыру
-
бастапқы ақпаратты, эксперименттік жабдықтарды, материалдарды және кәсіби 
аспаптарды шығармашылық тұрғыдан пайдалана білу. 
6.
Курстық жұмыстың тақырыбы орындалып жатқан келісімшарттар, гранттар, 
тақырыптар шеңберінде анықталуы мүмкін. 
7.
Курстық жұмысты кафедра отырысында қорғау оның бақылау формасы болып 
табылады.
2.
 
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар 
 
8.
Мазмұнына қойылатын талаптар: 
-
жұмыс мақсаттары мен міндеттерін қысқа және нақты түрде анықтау; 
-
қарастырылып отырған мәселенің зерттелу дәрежесінің сипаттамасы (әдеби шолу); 
-
қолданылған ғылыми әдістемелерді негіздеу және бейнелеу; 
-
алынған нәтижелерді мазмұндау және талдау
-
нәтижелерді пайдалану саласын анықтау; 
-
қорытынды; 
-
пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімі. 
9.
Мазмұндалуына қойылатын талаптар: 
-
материалдың сауатты, нақты, анық, логикалық мазмұндалуы; 
-
сенімді дәлелденуі
-
басқаша түсініктер тудырмайтындай анықтамалардың нақтылығы және дәлдігі. 
10.
Курстық жұмыс қорғауға басылып, түптелген түрде ұсынылады. Курстық 
жұмыстың көлемі қосымшаларды ескермегенде 25-30 беттен аспау керек. 


271


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет