Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистрлік диссертация мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет153/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   208
2. Магистрлік диссертация мазмұнына қойылатын талаптар 
10. Магистрлік диссертацияның тақырыбы бітірушінің кафедра отырысында, 
факультеттің Ғылыми кеңесінде талқыланады және алғашқы екі ай ішінде университеттің 
бұйрығымен бекітіледі. Осы уақытта магистранттың ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-зерттеу 
жұмысы мен магистрлік академиялық дәрежесін алуду орындауды қадағалайтын ғылыми 
жетекшісі тағайындалады. Магистрлік диссертацияны орындау әр түрлі мамандықтармен 
қатар келген жағдайда қосымша ғылыми жетекші және ғылыми кеңесшілер тағайындауға 
мүмкіндік беріледі. 


273
11. Кафедра ұсынатын магистрлік диссертациялардың тақырыптар тізімі жыл сайын 
кем дегенде 30% -ға жаңартып, магистранттарға негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулер 
бағдарламалары бойынша университет және кафедра жүзеге асыратын ғылыми жобалар 
шеңберінде диссертациялық зерттеулер дайындау мүмдігін қамтамасыз ету тиіс.
12. Магистрантқа оның даму орындылығы қажетті түрде негіздей отырып, магистрлік 
диссертация тақырыбын таңдау және ұсыну құқығы беріледі. 
13. Дайындаудың ғылыми және педагогикалық бағытындағы магистратураның кәсіби 
оқу бағдарламаларымен білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысы: 
- диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі мәселелеріне сай болуы
-өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы; 
- ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы теориялық және технологиялық 
жетістіктеріне негізделген болуы; 
- зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырылуы; 
- негізгі қорғау ережелері бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік және практикалық) 
бөлімдерді қамтуы; 
- білім саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенуі керек. 
14. Профильдік бағыттағы магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша 
білім алушылардың тәжірибелік-зерттеу жұмысы: 
- қорғалатын диссертациясының мамандығының негізгі проблемаларына сай келуі; 
- ғылым, техника, өндірістің соңғы жетістіктеріне негізінделген және нақты 
практикалық ұсыныстар, тәуелсіз шешім және басқа да әкімшілік міндеттерді қамтуы; 
- алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асуы; 
- негізгі қорғау ережелері бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік және практикалық) 
бөлімдерді қамтуы керек. 
15. Ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-зерттеу жұмысын орындау және магистрлік 
диссертация жұмысын дайындау бітірушінің келесі негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға 
ықпал етуі тиіс: 
- ақпаратты табу, өңдеу және кәсіби мақсаттарда пайдалана білу; 
- жоғары мамандандырылған теориялық білімдері мен ғылыми-зерттеу және кәсіби 
міндеттерді шешуге негіз болатын практикалық дағдылардың болуы; 
- эмпирикалық (зерттеу) материалды өңдеу әдіснамасын мен әдістерін білу және 
оларды ғылыми-практикалық қызметте пайдалана білу; 
- сыни ойлау қабілеті және кәсіби білімдерін, соның ішінде толассыз сипаттағы, 
пайдалана алу; 
- Жаңа білім мен әдістерді жасау және әр түрлі салалардан білімді біріктіру мақсатында 
ғылыми-зерттеу 
және/немесе 
инновациялар 
үшін 
қажетті 
проблема 
шешудің 
мамандандырылған дағдылары болуы; 
- Қарым-қатынас дағдылары мен өз ойын логикалық және дәлелді білдіруге, командада 
жұмыс істей алатын, кәсіби білімі мен кәсіби қызметіне қосқан үлесі үшін жауапкершілікті 
өз мойнына алатын қабілеті болуы; 
- Таңдаған мамандығы саласында бастапқы нақты мәселені шешу мүмкіндігі; 
- Күрделі және күтпеген және жаңа стратегиялық тәсілдерді талап ететін кәсіби 
жағдайларды басқару және түрлендіруге қабілетті болуы. 
16. Магистрлік диссертация мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 
- жұмыста зерттеулер жүргізілуі немесе ғылымның осы саладағы өзекті мәселелері 
шешілуі керек; 
- жұмыс маңызды ғылыми міндеттерді анықтау және оларды шешуге негізделуі қажет; 
- шешімдер ғылыми негізделген және сенімді, ішкі бірлігі бар болуы тиіс; 
- диссертация жеке жазылуы керек. 
17. Магистрлік диссертация мазмұны жаңа факторлар, құбылыстар, заңдар, немесе 
басқа да бұрыннан белгілі ғылыми позициялар немесе жаңа аспектілердегі ережелерді 
қорытуды қоса алғанда, түбегейлі жаңа материал болып табылады. 


274
18. Магистрлік диссертация мазмұны ғылыми зерттеулер алғышарттарын, оның барысы 
мен нәтижелерін көрсетеді. Магистрлік диссертация барлық диссертациялық жұмыстың 
сипаттамаларын қамтиды. Диссертацияның мазмұнында таңдалған тұжырымдамасын 
пайдасына салмақты дәлелдер ұсынылуы тиіс. Оған қайшы көзқарастарға мұқият талдау 
және сынақ бағалау жүргізілуі керек. Талқылау және пікірталастық материалдар 
диссертацияның элементтері болып табылады. 
19. Магистрлік диссертацияның мазмұнында келесі ережелер қамтуы тиіс: 
- зерттеу тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын 
негіздеу; 
- ғылыми-зерттеу бағытына сәйкес мәселенің жағдайын талдау; 
- зерттеудің мақсаттары мен нақты міндеттерін қою; 
- зерттеу объектісі мен пәнін анықтау; 
- әдіснамасы және зерттеу әдістерін таңдау
- зерттеу кезеңдері мен үрдісінің сипаттамасы; 
- қорытындыларды тұжырымдау мен алынған нәтижелерін бағалау; 
- алынған нәтижелердің негізділігі, сенімділігіжәне ғылыми жаңалығын анықтау. 
20. Қорғауға ұсынылған магистрлік диссертация нәтижелері жариялануы тиіс. 
Жарияланған еңбектердің ең аз саны - бір ғылыми мақала. Жарияланымдарға 
предпатенттер(патенттер), баяндамалар халықаралық, республикалық және аймақтық 
конференциялардың тезистері, аналитикалық шолулар теңестіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет