300
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дипломына қосымша
Diploma Supplement құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
1. Еуропалық дипломға қосымша Еуропалық комиссияның өкілдері бірлескен жұмыс
тобының, Еуропа мен ЮНЕСКО Кеңесі әзірлеген моделіне сәйкес қатаң түрде әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті аккредитациядан өткен білім беру бағдарламаларының
түлектеріне береді.
2. Еуропалық дипломға қосымша ешқандай бағалау жоспарын, басқа оқу
бағдарламаларымен салыстырыруларды және осы диплом немесе біліктілікті тану
мүмкіндігіне қатысты ұсыныстарды қамтымайды.
3. Еуропалық дипломға қосымша барлық бөлімдері туралы мәлімет қамтылуға тиіс
сегіз бөлімнен тұрады. Еуропалық дипломға қосымшаның қандай да бір бөлімінде ақпарат
болмаған жағдайда қажетті ақпаратты беруден бас тарту себептерін көрсету қажет.
4. Еуропалық дипломға қосымша әрқашан білім туралы құжаттың түпнұсқасымен қоса
берілуі тиіс, себебі оның ешқандай заңды күші жоқ. Еуропалық дипломға қосымшаның
болуы оқу орнының мәртебесіне, оның біліктілігіне, сондай-ақ, ол жоғары білімнің ұлттық
жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде тану фактісіне кепілдік бермейді.
5. Әрбір Еуропалық дипломға қосымша кіріспеден басталу қажет: «Бұл дипломға
қосымша Еуропалық Комиссияның, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО/CEPES әзірлеген
моделіне сүйенеді. Қосымшаның мақсаты - біліктілікті (дипломдар, дәрежелер,
сертификаттар, және т.б.) академиялық және кәсіби әділетті тануды және халықаралық
«ашықтықтықты» қамтамасыз ету үшін, кешенді тәуелсіз деректерді қамтамасыз ету.
Қосымша біліктілігі жөніндегі түпнұсқа құжатта аталған тұлғамен өтілген және табысты
аяқталған оқудың сипаты, деңгейі мен мәртебесінің сипаттамасынан тұрады. Қосымшада
шешімдердің шығарылуы, эквиваленттілік туралы өтініш немесе тану туралы ұсыныстар
рұқсат етілмейді. Барлық сегіз бөлімдер бойыншадеректер болуы тиіс. Мұндай мәліметтер
болмаған кезде себебін көрсету қажет».
6. Еуропалық дипломға қосымшада әрқашан біліктіліктің аты мен дәрежесі; біліктілікті
тағайындаған/басшылықты жүзеге асырушы оқу орнының атауы мен мәртебесі, және
біліктіліктің жіктелуі көрсетілуі тиіс. Барлық деректер мемлекеттік және ағылшын тілдерінде
ұсынылуы тиіс, себебі қате аудару біліктілігі жайлы шешім қабылдаушы тұлғаларды
шатастырады. Латын алфавитінен басқа альфавит қолданылған кезде транслитерацияға
рұқсат етіледі. Дәрежелер мен біліктілік атауларын сегізінші бөлімінде жоғары білім
жүйесінің сипаттамасымен байланыстыруға болады.
7. Оқу орындары олармен берілетін Еуропалық дипломға қосымшаларда жалған
мәлімдеу және бұрмалау мүмкіндігін барынша азайту үшін тиісті шаралар қабылдауға тиіс.
8. Аудару және терминологияға ерекше назар аудару қажет. Осы салада туындайтын
мәселелердің айтарлықтай алдын алу үшін, құжатта көрсетiлген бастапқы тілді пайдалану
керек.
9. Еуропалық дипломға қосымшада басқа елдерде алынған біліктілікті бағалауда дәл
эквивалентін емес, ал «әділетті тануды» іздеу керектігін ескере отырып, алынған білімі,
қабілеті мен дағдыларына ерекше назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: