§ 36 ДИПЛОМҒА ЕУРОПАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ DIPLOMA SUPPLEMENT ҚОСЫМШАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Еуропалық дипломға қосымша (бұдан әрі - Еуропалық қосымша) немесе Diploma
Supplement КЖАЕЖ-мен(Кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі) бірге
Еуропалық жоғары білім беру саласында академиялық және кәсіби ұтқырлықты қамтамасыз
етудің тиімді құралы болып табылады.
Болон үдерісінің анықтамасы бойынша, Diploma Supplement - Дипломға қосымша,
Еуропалық комиссия, Кеңес және ЮНЕСКО ашықтықты, салыстырмалылықты және
біліктілікті (дипломдар, академиялық дәрежелер, сертификаттар) академиялық және кәсіби
түрдетануды қамтамасыз ету үшін әзірлеген құжат. Жоғары білімі туралы дипломға
қосымша беріледі. Ұлттық және ағылшын тілдерінде толтырылады. Ол табысты аяқталған
оқудың нәтижелерін, табиғатын, деңгейін, контекстін, мазмұнын, мәртебесін сипаттайды.
Тиісті білім беру жүйесінде осы біліктіліктің орнын анықтауға мүмкіндік беретін жоғары
білім берудің ұлттық жүйесіне қатысты қосымша ақпаратты қамтамасыз етеді.
Түлектерге сынақтық бірлік негізінде жалпы Еуропалық қосымшаны беру еуропалық
білім беру ісіне қатынасты арттыруды және, барлық академиялық дәрежелер және басқа да
біліктіліктер еуропалық еңбек нарығына бағытталатын болғандықтан, түлектерді жұмысқа
орналастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Еуропалық дипломға қосымшаны беру
үдерісі білім туралы құжаттарды өзара тану құралы ретінде Болон үдерісінің ажырамас
бөлігі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегіне (бакалавр, магистр)
Еуропалық дипломға қосымшаны әзірлеу және беру үшін осы әдістемелік нұсқаулар
Еуропалық дипломға қосымшасының толтыру тәртібін, мазмұнын, әзірленуін, келісу, беру
және сақтау тәртібін анықтайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегіне Еуропалық дипломға
қосымшаны әзірлеу мақсаты шетелде оларды одан әрі білім алу және жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесу, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық еңбек нарығында олардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін, университеттің түлектеріне алынған біліктілікті академиялық
және кәсіби тану рәсімдерін жеңілдету болып табылады.
Еуропалық дипломға қосымша Diploma Supplement білім берудің халықаралық құралы,
сәйкесінше, бүкіл әлемде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру біліктілігін
танудың халықаралық құралы болып табылады. Оған қоса, Еуропалық дипломға қосымша -
бұл жоғарғы оқу орны түлектерінің дипломына қоса тіркелетін қосымша, түсіндірме жазба.
Бұл құжат дәреже немесе біліктілікті негізделген түрде бағалау үшін қажетті барлық
ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ стандартты халықаралық нысанға сәйкес беріледі
және дәреже (біліктілік) алу үшін жүзеге асырылатын барлық қызметтер туралы хабардар
етеді.
Еуропалық дипломға қосымшаның моделі Еуропалық Комиссия, Еуропа Кеңесі және
ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша 1996 жылдың желтоқсанында әзірленді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегінің Еуропалық дипломға
қосымшасы Diploma Supplement білім беру туралы түпнұсқа құжатты (мемлекеттік диплом)
алмастыра алмайды, куәлік басқа елдерде қабылданған біліктілік (дәреже) эквиваленттілігіне
қатысты ақпаратты қамтымайды, және шетелде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегінің
дипломын тану үшін негіз болып табылмайды.