Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Қорытынды бағаның қайта қаралуы мен күшін жою



Pdf көрінісі
бет191/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   208
4. Қорытынды бағаның қайта қаралуы мен күшін жою 
39. Қорытынды бақылаудың бағасы (емтиханға қойылған балл) білім алушыны 
қанағаттандырмаған жағдайда, ол «Универ» жүйесіндегі электрондық тізімдемеге емтихан 
нәтижесі қойылғаннан кейін бір жұмыс күні (24 сағат) ішінде апелляциялық комиссия 
төрағасының атына апелляцияға өтініш түсіруіне болады.
40. Білім алушының жауап парағында сұрақтың дұрыс қойылмағандығы немесе пәннің 
оқу бағдарламасына сай келмейтіндігі көрсетілген жағдайда ғана апелляция қарастырылады. 
41. Емтихан билетіндегі қандай да бір сұрағы бойынша қойылған бағаның 
дұрыстығына (білім берушінің жауабына қойылған бағаның сәйкестігіне) келіспейтін 
апелляциялар, қойылған бағаның сәйкессіздігі пән дәріскері құрастырған бағалау шкаласы 
бойынша дәлелденген өтініш негізінде ғана қарастырылады. 
42. Біліктігі емтихан сессиясындағы пәндердің саласына сәйкес оқытушылардың 
арасынан ректордың бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне құрастырылған апелляциялық 
комиссия, 24 сағат аралығында апелляциялық өтінішті қарастырып, бекітілген формадағы 
хаттама жасап, алғашында алған бағаның сақталуы немесе бағаны қайта қарау туралы шешім 
қабылдайды. 
43. Апелляциялық комиссия шешімі білім алушының жазбаша жұмысын комиссиялық 
қарастыру негізінде қабылданады. Апелляция нәтижесінде қорытынды бақылаудың бағасын 
өзгерту туралы шешімді апелляциялық комиссия төрағасы бекіткеннен кейін кеңсе-тіркеуші 
қорытынды бақылау бағасын өзгертеді. 
44. «F» бағасын алған жағдайда білім алушы пәнді қайта өтуге (Retake) құқылы, бірақ 
бұл пәңді 3 реттен артық қайта оқи алмайды. Пәнді қайта оқу бекітілген тәртіп бойынша 
ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.
45. Емтихан өткеннен кейін 6 ай ішінде бейнекамера жазбаларының негізінде білім 
алушының емтиханда тәртіп ережесін бұзғаны (шпаргалка, ұялы телефон пайдалану, бір-
бірімен сөйлесі және т.б.) анықталған жағдайда, пән бойынша қорытынды бағаның күші 
жойылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет