320
50. Егер білім алушы қойылған уақыт аралығында барлық талаптарды орындамаса, «I»
бағасы «F», яғни «қанағаттанарлықсыз» бағасына ауысады.
6. Емтихан сессиясын жүргізуді бақылау мен мониторинг
51. Емтихан сессиясының барысын бақылап мониторингін жүргізу мақсатымен Білім
беру үдерісінің мониторинг бөлімінің, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттың,
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттың қызметкерлерінен, факультеттің
декандары мен деканның орынбасарлары, деканаттың қызметкерлері мен басқа жауапты
тұлғалардың ішінен жалпы университеттік және факультеттік жұмыс комиссиялары
құрылады.
52. Факультет декандары факультет бойынша жасаған өкімімен емтихандарды
өткізудің видеомониторингін жүзеге асыру үшін кемінде факультеттің 5-10 қызметкерінен
тұратын жұмыс комиссиясын (видеомониторинг комиссиясын) және емтихан сессиясының
барысын бақылау үшін кемінде 3-5 факультет қызметкерлерінен тұратын жұмыс
комиссиясын (бақылау комиссиясын) құрады.
53. Факультет декандары білім алушылардың, кезекші оқытушылардың, емтихан және
апелляциялық комиссия мүшелерінің емтихан сессиясының ережелерін сақтауын
қамтамасыз ететін комиссия жұмысын ұйымдастырады.
54. Факультет декандары факультет бойынша өкімімен кезекші оқытушылардың,
емтихан комиссия мүшелерінің, емтихан жұмыстарын шифрлеу мен дешифрлеуіне
қатысатын факультет қызметкерлерінің тізімдерін бекітіп, емтихан жұмыстары шифрленіп-
дешифреленетін және тексерілетін аудиторияларды анықтайды.
55. Оқу ісі жөнідегі проректордың өкімімен Білім беру үдерісінің мониторинг
бөлімінің, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттың, Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру институттың қызметкерлерінен, сондай-ақ, қажеттілік туса, университеттің басқа
да қызметкерлерінен тұратын емтихан сессиясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін
мониторинг жасайтын жалпы университеттік комиссия құрылады.
56. Емтихан сессиясын өткізу кезінде факультеттердің жұмыс комиссиялары оқу-
әдістемелік басқарманың басшысына сессия барысы жөнінде мәліметтерді күн сайын беріп
отырады. Емтихан ережелерінің бұзылуы туралы актілер күн сайын сағат 19-00-ден
кешіктірілмей емтихан сессиясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін мониторинг жасайтын
жалпы университеттік комиссияға жіберіледі.
57. Білім алушылар емтиханды тәртібін бұзған жағдайда кезекші оқытушы (комиссия)
Емтихан жұмысын алу жөнінде акт жасап, білім алушыны емтиханнан шығарады.
58. Факультеттің жұмыс комиссиясы немесе емтихан сессиясының ұйымдастырылуы
мен өткізілуін мониторинг жасайтын жалпы университеттік комиссиясы кезекші
оқытушылар, емтихан қабылдаушылар, деканат қызметкерлері немесе емтихан сессиясын
өткізуге қатысатын басқа да тұлғалар тарапынан емтихан сессиясын өткізу ережелері
бұзылғаны жайлы фактілер анықталса, бұзу туралы рапорт жасалып, университет
әкімшілігіне беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: