3.
Емтихан жұмыстарын тексеру
28.
Құзіреттілік тәсілдеме негізінде бағаланатын пәндер бойынша емтихан
жұмыстарын тексеру үшін, сәйкес салада біліктілікке ие және осы топта (ағымда) сабақ
бермеген жетекші профессорлар, доценттер арасынан емтихан комиссиясы (кемінде 3
адамнан тұратын) құрылады.
318
29.
Емтихан жұмыстары бейне камералармен жабдықталған жеке кабинетте
тексеріледі.
30.
Емтихан және апелляциялық комиссияға ұсыну үшін пән дәріскері деканның оқу-
әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасарына емтихан жұмыстарын бағалау шкаласын
береді.
31.
Емтихан жұмыстары 100 баллдық шкала бойынша жауаптардың толықтығын
ескере отырып бағаланады:
Бағасы
Көрсеткіші
Өте жақсы
1.
Барлық теориялық сұрақтарға толық және дұрыс жауап берілген;
2.
Тәжірибелік тапсырмалары толық орындалған;
3.
Мәліметтер логикалық тәртіпке сәйкес өте ұқыпты жазылған;
4.
Шығармашылық қабілеттілігі көрсетілген.
Жақсы
1.
Теориялық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанымен, толық
емес және кейбір қателіктер;
2.
Тәжірибелік тапсырмалар орындалған, бірақ болмашы қателіктері
бар;
3. Мәліметтер логикалық тәртіпке сәйкес өте ұқыпты жазылған.
Қанағаттанарлық
1.
Теориялық сұрақтарға негізінен дұрыс жауап жазған, бірақ толық
емес, логикалық қателіктер жіберілген;
2.
Тәжірбелік тапсырма толық оындалмаған;
3.
Мәлімет ұқыпты мазмұндалған, бірақ логикалық жүйелілік
бұзылған.
Қанағаттанарлықсыз 1.
Теориялық сұрақтардың жауаптарында өрескел қателіктер
жіберілген;
2.
Тәжірибелік тапсырма орындалмаған;
3.
Жауаптың
мазмұнында
грамматикалық,
терминологиялық
қателіктер кеткен және логикалық жүйелілік бұзылған.
32. Емтихан комиссиясының төрағасы тексеріс аяқталғаннан кейін емтихан
жұмыстарын дешифрлеу (қайта шифрлеу) үшін кеңсе-тіркеушіге береді.
33. Қайта шифрлеуден кейін комиссия төрағасы емтихан бағасын «Универ»
жүйесіндегі оқу пәнінің электронды емтихан тізімдемесіне енгізеді. Толтырылған тізімдеме
басып шығарылады, емтихан комиссия төрағасының қолы қойылып, кеңсе-тіркеушіге
беріледі.
34. Емтихан нәтижелері электронды емтихан тізімдемесіне емтихан аяқталғаннан кейін
48 сағат ішінде енгізіледі.
35. Кеңсе-тіркеуші шифрленгеннен жұмыс мәліметтерімен емтихан тізімдемесін
салыстырып, сәйкессіздік табылған жағдайда акт толтырады.
36. Сәйкессіздік фактісі бойынша емтихан бағасын өзгертін емтихан комиссия
төрағасының түсініктемесі негізінде және Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
директорының (бакалавриат) немесе Жоғары оқу орнынан кейінгі білім институтының
директорының (магистратура, докторантура PhD) рұқсатымен кеңсе-тіркеуші жүзеге
асырады.
37. Білім алушының қорытынды бақылау бағасын (емтиханға қойылған балл) және пән
бойынша қорытынды бағасын сынақ кітапшасына (электрондық сынақ кіиапшасына) лектор
енгізеді.
38. Білім алушы ағымдағы (АБ1 және АБ2) және қорытынды бақылаудан (ҚБ) оң баға
алған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды баға:
Қорытынды баға = (АБ1+АБ2)/2х0,6 +
МТх0,1 + ҚБх0,3
формуласы бойынша есептеледі.
319
Достарыңызбен бөлісу: |