Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет196/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   208
§43 
 
АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ
 
Оқытудың құзыреттілікке бағытталған технологиясын жобалап қалыптастыруда оқыту 
нәтижелерін бағалау және бақылау аса маңызды болып табылады. Оңтайлы (орындалуға 
тиісті педагогикалық мақсаттар тұрғысынан) әдістері мен оқытудың ұйымдастырылу 
түрлері, ақпараттандырудың заманауи құралдары болса да, оқу үдерісін бақылау жүйесі 
болмаса, білім алушылардың білімдері мен дағдыларының уақытылы тексеріліп бағаланбаса, 
сонымен қатар кері байланыс қалыптаспаса, оқу үдерісін басқарылмалы және мақсатқа 
сәйкес ету мүмкін емес.
Оқыту сапасын, яғни оқытудың күтілетін нәтижелеріне жету деңгейін анықтау үшін 
оқытушының алдына оқылған материалды меңгеру сапасының көрсеткіштерін, бақылаудың 
әдістері мен түрлерін таңдау, оны жүзеге асырудың процедураларын жасау, бақылау мен 
бағалаудың негізгі функцияларына сәйкес оқу қызметін жекеше түзету тәсілдерін негіздеу 
міндеттері қойылады 
Үлгерімді бақылау барысында
 
білімдер, дағдылар мен ептіліктер тереңдетіліп дамитын 
болса, білімділік деңгейі жоғарыласа, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті артса, білім алушының 
дербестігі ынталандырылса, бақылаудың 
оқыту функциясы 
жүзеге асады. 
Бақылаудың ықпалынан психикалық үдерістер мен зейін, есте сақтау, ойлау сияқты 
тұлғаның қасиеттері мен дамитын болса, таным белсенділігі ынталандырылса, бақылаудың 
дамыту функциясы
орын алады. Тек білім алушыға берілетін тапсырмалар (сұрақтар) жауап 
беру кезінде одан оқығанын айтып беруді емес, түсіндіруді, дәлелдеуді, негіздеуді талап 
ететін болса ғана бұл функция жүзеге асады.
Тәрбиешілік функция.
Үлгерімді бақылаудың бағасы білім алушы қызметінің 
нәтижелері туралы қоғамдық пікірін бейнелейтін болғандықтан, ол білім алушыға үлкен 
моральді ықпал көрсетіп, өзінің оқу міндетін түсінуін және жауапкершілікті тәрбиелей 
отырып, жігерін, тәртіптілігін, ұстанымдылығын дамытады.
Басқарушы функция
. Үлгерімді бақылау білім алушы мен оқытушыға жетістіктер 
деңгейін көрсететін және ары қарай үлгерімді жақсартуға бағыттайтын үздіксіз кері 
байланыс болып табылады.
Бақылау-бағалау функциясы 
білім алушы оқу қызметінің барысы мен нәтижелерін 
қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл функцияда бақылау жүйесі оқытушы тарапынан бақылау 
жасаудан, білім алушылар бір-бірін бақылаудан және олардың өз-өзін бақылаудан тұрады.
Өз-өзін бақылаудың маңызын психологтар дәлелдеп, егер адам өзінің қателіктері мен 
кемшіліктерін көрмесе, өз қызметінің нәтижелерін сыни бағалай алмаса, онда көп рет 
қайталай берсе де оның қызметі бойынша нәтижелерінің дамымайтынын көрсеткен.
Ұйымдастырушы функция
. Жүйелі түрде жүргізілетін бақылау білімгердің жұмысын 
ұйымдастырып, жоғары оқу орнының талаптарына бағыттап, өзіндік жұмыстың тиімді 
тәртібін құрастыруға ықпал етеді.
Кәсіби бағытталған оқыту технологиясының шеңберінде жоғарыда көрсетілген 
функциялардың жүзеге асуы, яғни педагогикалық тиімділік көрсетуі, бақылау мен бағалау 
жүйесіне қойлатын дидактикалық талаптардың орындалуына байланысты. Мұндай бірқатар 
маңызды талаптарды атап өтейік:
♦ жекеше (дербес) сипаттамасы, жеке студенттің нәтижелерін ұжымның (оқу тобының) 
қорытындыларымен және керісінше алмастыруға жол бермейтін әр білімгердің жұмысын, 
оның жеке танымдық қызметін бақылауды талап етеді;
♦ оқыту технологиясын жүзеге асырудың барлық кезеңдеріндегі бақылаудың жүйелілігі 
мен тұрақтылығы, оның білім алушылар оқу қызметінің басқа тараптарымен үйлестіру;


328
♦ жоғарыда айтылған бақылау функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін 
әртүрлі бақылау әдістерін қолдану, бақылаудың жүргізілуі мен нәтижелеріне деген білім 
алушылардың қызығушылығын арттыру; 
♦ оқу бағдарламасының барлық тарауларын, теориялық білімдер мен тәжірибелік 
дағдылар мен ептілікті қамтамасыз ететін бақылаудың толықтығы (жан-жақтылығы); 
♦ студенттерді толық білмегендіктен немесе кейбіреуіне бір жақты көзқарасынан пайда 
болған оқытушының субъективті және қате бағалау пікірі мен қорытындыларын 
болдырмайтын бақылаудың әділдігі;
♦ әр оқу пәнінің (оның жеке тарауларының) ерекшеліктерін, сонымен қатар әр білім 
алушының жеке сипаттамаларын ескеретін дифференциацияланған тәсілдеме.
Оқытудың кәсіби-бағдарлы технологиясын жобалау және жүзеге асыру кезінде оқу 
үдерісі нәтижелерін бақылаудың оңтайлы әдістерін таңдау маңызды орын алады.
Бақылау әдістері дегеніміз білім алушылардың оқу-танымдық пен басқа қызмет 
түрлерінің және оқытушылардың педагогикалық жұмысының нәтижелілігін анықтаудың 
тәсілдері. Қазіргі замандағы дидактикада бір-бірімен үйлестірілген ауызша, жазбаша, 
тәжірибелік (зертханалық), машиналық (компьютерлік), білім алушылардың өз-өзін бақылау 
әдістері қолданылады.
Бақылау әдістерімен қатар педагогикалық әдебиеттерде бақылау түрлері көрсетіліп, 
келесідегідей жіктеледі: 
- оқыту мақсаттарының масштабы бойынша: стратегиялық, тактикалық, оперативтік; 
- оқу кезеңдері бойынша: ағымдық, аралық, қорытынды; 
- уақыттық бағытталуы бойынша: ретроспективалық, алдын-ала, озық; 
- бақылау жиілігі бойынша: бір жолғы, мерзімді, жүйелі; 
- бақылау ауданы бойынша: локалді, іріктеме, тұтас; 
- оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша: жеке, топтық, тұтас (фронталді); 
- әлеуметтік жанама формалары бойынша: сыртқы (әлеуметтік), аралас (бір-бірін 
бақылау), ішкі (өз-өзін бақылау); 
- оқу сабақтарының түрі бойынша: дәрістегі, семинардағы, тәжірибелік және 
зертханалық сабақтағы, сынақтағы, коллоквиумдағы, емтихандағы; 
- бақылауды жүзеге асыру тәсілдері бойынша: жазбаша, ауызша, стандартталған, 
машиналық және т.б. 
Өткізу мерзіміне қарай бақылау қорытынды және ағымдағы деп бөлінеді. Ағымдағы 
бақылау өз жағынан нақты ағымдағы және аралық деп бөлінеді. 
Үлгерімнің ағымдағы бақылауы әр тақырып, тарау бойынша білімді игеру сапасын, 
тереңдігін, көлемін; кемшіліктер мен оларды жою шараларын; білім алушылардың 
жұмыстағы жауапкершілік дәрежесін, олардың қабілетінің даму деңгейін, жұмысқа кедергі 
жасайтын себептерін; өзіндік жұмыс дағдыларын игеру деңгейін, оларды дамыту жолдары 
мен құралдарын анықтайды. 
Сонымен қатар, бақылау болашақ мамандардың мамандыққа деген қызығушылығын, 
танымдық белсенділігін арттырып, оқу материалын өз бетінше меңгеру дағдысын күшейтеді.
Ағымдағы бақылауды оқытушы күнделікті оқу жұмысы барысында жүзеге асырып, 
сабақтарды ұйымдастыру формаларының шеңберінде өткізеді. Мұнда жалпы топтың және әр 
білім алушының жеке жұмысы бақыланады, жаңа материалды меңгерумен, оны бекітумен 
үйлестіріп білім, дағдылар, ептілік жүйелі тексеріледі.
Аралық бақылау. Ағымдық бақылау кезінде әр жеке білім элементінің, қалыптасатын 
дағдының әр элементінің меңгерілуі қамтылады. Бұл өте маңызды, бірақ тақырыптың бір 
бөлігінің ғана емес, толық та терең қабылдануына жеткіліксіз. Оқылатын материал біртұтас 
ретінде игерілу үшін, аралық бақылауды білім алушылардың әр тақырыпты меңгеру 
дәрежесін, олардың оқу материалын алдындағы білімдермен байланыстырып, құбылыстар, 
түсініктер, негізгі идеялардың дамуын, күрделіленуін бағалау қабілетін анықтауға мүмкіндік 
туғызатын форматта өткізу керек. Мұндай формат ретінде аралық бақылауды жарты 
семестрлік емтихан Midterm exam (Midterm examination)түрінде өткізуге болады.


329
Midterm exam пәннің академиялық саясатына байланысты әртүрлі формада өткізілуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет