326
8.2. Дәрісханалық (аудиториялық) оқу сабақтары бойынша ПОҚ оқу жүктемесі оқу
жылындағы жалпы жүктеме көлемінің кемінде 60%-ын құрау керек.
9. Оқу сабақтарын ұйымдастырылуы мен жүргізілуі мақсаттық тиімділік шеңберінде
мамандықтар бағыты, тілдік бөлім және олардың оқу түрін ескере отырып пәндерді таңдаған
білім алушылардан құрастырылған академиялық (пәндік) топтар (семинарлар, тәжірибелік
сабақтар) және ағымдар (дәрістер) бойынша жүзеге асады.
Тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) оқуға байланысты
тәжірибелік сабақтар,
информатика, сонымен қатар студиялық және зертханалық сабақтар топ бөліктерінде
(топшаларда) жүргізіледі.
Университетте пәндік топтар 25 адамнан, топ бөліктері кемінде 12 адамнан, күрделі
эксперимент жүргізуге байланысты пәндер үшін (химиялық, физикалық, биологиялық)
зертханалық топтар кемінде 10-12 адамнан құрастырылады.
10. Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету мақсатымен білімі беру
бағдарламаларындағы
пәндік
ағымдар
мен
топтардың
(семинарлық/тәжірибелік,
зертханалық)
санын анықтау кезінде, академиялық кредиттің базалың (негізгі) өзіндік
құнына негізделе отырып, университет бойынша (факультет, кафедра) олардың тиімділігі
есепке алынады.
11. Көп тілді пәндік топтардағы оқуды ұйымдастыру
кезінде шетел тілінде сабақ
жүргізу ПОҚ оқу жүктемесінде жоғартылған коэффициентпен (1,5) есептеледі. Филология
және әлем тілдері, Шығыстану, Халықаралық қатынастар факультеттеріндегі
тілді оқыту
бағытындағы пәндер үшін жоғарылату коэффициенті қолданылмайды.
12. Оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмыс дәрісханадан тыс уақытта
оқытушының кеңсе-сағат кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кеңсе-сағат саны ағымдағы
академиялық кезең бойынша оқытушының жалпы оқу жүктемесіне негізделе отырып
келесідей қатынаста анықталады: 1-4 кредит – аптасына 1 академиялық сағат, 5-9 кредит –
аптасына 2
академиялық сағат, 10 кредиттен жоғары – аптасына 3 академиялық сағат.
13. Оқытушының сағат бойынша еңбек ақысы тек оқу жұмысы орындалған кезде
төленіп, бір оқу жылында 300 сағаттан артық болмауы керек.