Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Академия қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет31/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   208
4. Академия қызметінің тәртібі
33. Академия басқару Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік 
қағидалары туралы 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы 
Үкіметініңқаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 
34. Академия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 
лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ректор тікелей басқарады. 
35. Академия құрылымын өзі дербес анықтайды және ғылыми кеңес шешімімен және 
басшының бұйрығымен бекітіледі. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік 
органдарының және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органдарының жоо құрылымы тиісті 
органмен анықталады. 
36. Академия негізгі қызмет бағыттары, жоо-ны басқарудың ұйымдық құрылымында 
құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша негізгі 
талаптар анықталатын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді дербес әзірлейді және 
бекітеді.
37. Академиялар кәсіптік оқу бағдарламарын 1000 адамнан аз емес сәйкесті білім 
алушылар контингенті болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Университеттің күндізгі 
және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. Осы 
ретте, білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сыртқы оқу 
нысандарындағы санына қарай анықталады. Күндізгі оқу нысанының студенттері 1,0, кешкі 
оқыту нысанының студенттері - 0,5 және сыртқы оқу нысанының студенттері - 0,25 
коэффицентімен есептеледі. 
Білім алушалардың контингенті білім беру қызметіне қойылатын біліктілік 
талаптарына сәйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына 
сай келуі тиіс. 
Жоғары оқу орындарында білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір 
оқытушыға шаққанда мамандықтарға орай келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс: 
өнер және мәдениет – 3,5:1; 
музыка және ән салу – 6:1; 
шетел филологиясы және аударма ісі – 7:1; 
бейнелеу өнері және сызу – 7:1. 
басқа барлық мамандықтар бойынша: 
күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1; 
кешкі нысан үшін – 16:1; 
сыртқы нысан үшін – 32:1; 
магистратурада – 4:1; 
докторантурада –3:1. 
38. Жоғары оқу орындарында академиялық топтың толымдылығы 20 адамды, шағын 
топтың толымдылығы – 10-15 адамды құрайды. 
Академиялық ағынды қалыптастыруды жоғары оқу орны дербес анықтайды. 
Академиялық топты 70-100 адам мөлшерінен асырмай қалыптастыру ұсынылады. 
39. Академияда білім алушыларды қабылдау 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім деңгейіндегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет