Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Параграф 3. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық



Pdf көрінісі
бет29/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208
Параграф 3. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық 
жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметі
17. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы 
негізде ғылыми-білім беру процесін ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен 
тиімділігінің маңызды элементі ретінде бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және 
инновациялық қызметті дамытуға бағытталған. 
18. Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) 
ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. 
19. Профессорлық-оқытушылық құрамы жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс 
кезеңінде өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын 
орындайды. 
20. Ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегілерден тұрады: 
іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-конструкторлық 
және инновациялық іс-әрекеттерді жүргізу; 
ғылыми педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың шығармашылық іс-
әрекеті мен ғылыми зерттеулері арқылы жаңа білімдерді алу; 
жоғары білімді дамытудың теоретикалық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және 
әзірлеу; 
ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияны әзірлеу және енгізу; 
ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске енгізу; 
жеке ғылыми мектепті қалыптастыру және дамыту, ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту; 
ғылыми жаңалықтарды коммерциализациялау және ғылыми ауқымды және бәсекеге 
қабілетті техника мен технологияны трансферттеу; 
зерттеушілермен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау; 
инновациялық іс-әрекет пен тартылған қаржыны пайдалану есебінен зерттеулер мен 
жаңалықтардың қаржылық негізін кеңейту
білім алушылардың ҒЗЖ ұйымдастыру және жетекшілік жасау. 
21. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО ғылыми қызметі маман даярлау үдерісінің қажетті құрамдас 
бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми және инновациялық процесінің бірлігі 
төмендегілер есебінен қамтамасыз етіледі: 
студенттерді ҚР республикалық бюджеті, басқа да бюджеттер, бюджеттен тыс 
қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеушілік және жобалық-
құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту; 
ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының 
әралуан түрлерін, дипломдық және курстық жобалауды, оқу және өндірістік іс-тәжірибені, 
студенттерді бағыттық даярлауды және маман даярлаудың басқа да түрлерін жүргізу;


48
оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны 
қалыптастыру және студенттерге информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын 
игерту. 
22. 
ҰЗУ, 
ЗУ 
және 
ҰЖОО-ның халықаралық 
қызметіжетекші 
шетелдік 
университеттермен 
ынтымақтастық 
бағдарламасының, 
халықаралық 
білім 
беру 
бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге 
асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық 
кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет