Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Параграф 2. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық



Pdf көрінісі
бет28/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   208
Параграф 2. Ұлттық зерттеу университеті, зерттеу университеттерінің және ұлттық 
жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие қызметі
7. ҰЗУ, ЗУ және ҰЖОО-ға білім алушыларды қабылдау 2013 жылғы 17 мамырдағы № 
499 Қазақстан Республикасы Үкіметініңқаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім деңгейіндегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 
8. ҰЗ, ЗУ, ҰЖОО жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар 
дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім бағдарламалары бойынша 
жүргізіледі. Кадрлар дайындау күндізгі (4-5 жыл бакалавриатта, 1-2 жыл магистратурада, 3 
жыл докторантурада), оқыту нысандары бойынша жүзеге асырылады. 
9. Білім берудің құрамында міндетті түрде ғылымның және ғылымды қажет ететін 
технологиялардың өзекті проблемарына сәйкес білім беру бағдарламалары, сондай-ақ 
инновациялық түрдегі білім беру бағдарламалары қарастырылуы тиіс. 
10. Ұлттық зерттеу университеті мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес 
конкурстық негізде білім беру бағдарламаларын жасайды. 
11. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары мен 
профессорлық-оқытушылық құрамының орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО 
ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. 
12. Дәріс сабақтарын өткізуге, студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына), 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік атқаруға профессор, қауымдастырылған 
профессор, (доцент), аға оқытушы лауазымдарын иеленген оқытушылар жіберіледі. 
Диссертацияға жетекшілік атқаруға ғылыми дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар 
оқытушылар жіберіледі. 
13. Ұлттық зерттеу университеті, Зерттеу университеттерінің және Ұлттық жоғары оқу 
орындарының оқу-әдістемелік жұмысы: 
1) академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, 
элективтік пәндер каталогын, силлабустар,пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік 
кешендерін әзірлеуді; 
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді 
тапсырмалармен, зертханалық, бақылау және курс жұмыстары бойынша құралдармен, пәнді 
оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдық, межелік және қорытынды 
білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау 
материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 
3) кәсіптік практикалардың, тағылымдамалардың, сондай-ақ диплом жұмыстарын 
(жобаларын), магистрлік және докторлық диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік 
құралдар әзірлеуді; 
4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім 
технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді; 
5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін 
дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 
6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау 
бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды. 
14. ЖОО-да оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, 
оқу және мамандандырылған зертханалар қарастырылған. Зертхана жабдығы заманауи және 
бакалаврлар, магистрлер және PhD докторлар даярлаудың бағдарламасына баламалы болуы 
тиіс. 
15. Тәрбие қызметі тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде іске асырылады. 
16. ЖОО тәрбие жұмысына: 
1) білім алушылардың бойында өз бетінше шешім қабылдау мен құзыретті жүзеге 
асыру икемділіктерін қалыптастыру; 


47
2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары 
мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 
3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді 
қатысуға ынталандыру; 
4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, таңдаған 
мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар 
өткізу; 
5) жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік мектептерде, техникалық және 
кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіпке бағдарлау жұмысын 
жүргізу кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет