Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі



Pdf көрінісі
бет35/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   208
 
4. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі
67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны 
аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 
45 сағат жұмысты құрайды. 


60
68. Білім алушылардың академиялық ұтымдылығын және білім беру бағдарламасын 
тануды (жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің барлық деңгейі мен нысандарында) 
қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте 
қайта есептеу қажет. 
69. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің 
өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. 
ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең. 
70. Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық 
жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және 
стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, 
материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік 
жұмыстарының түрлері де кіреді. 
71. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 
кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. 
Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды. 
72. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан 
төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы 
қажет. 
73. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және 
ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады. 
74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән 
бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру 
коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады. 
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады. 
Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек 
сыйымдылығына кіреді. 
75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір 
пән бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру 
коэффицентін74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту 
арқылы жүзеге асырылады. 
Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік 
жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады. 
76. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру 
коэффиценттерінің көмегі арқылы 74-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады: 
Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, 
өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте; 
магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-
ге дейінгі шекте; 
білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте. 
77. Жоғары оқу орындары оқу орны бойынша және факультеттегі ECTS-ті 
үйлестірушіні тағайындайды. 
ECTS жоғары оқу орнының үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің 
сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық 
бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді. 
ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің 
практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді. 
78. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға 
болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады. 
Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін 
балдық-рейтинг әріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды 
қарастыратын он оң нәтижелі бағадан ("A"-дан "D"-ге дейін), сонымен қатар кредитті 
ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады. 


61
79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім 
алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет