63
білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және
әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және
түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды
практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте
өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
103. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім
беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;
3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды,
магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша
білім беру бағдарламаларын
есепке ала отырып);
4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның
материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының
сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;
5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда
әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.
104. Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша
оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.
105. Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және
одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.
106.
Кәсіптік
практикалардың
түрлері,
дипломдық
жұмыстар
және
магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен
мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады.
Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.
107. Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы
еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.
108. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін
өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек
нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы
модульдерден құрау мақсатты болып табылады.
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:
А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;
В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;
С тобы
таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.
109. Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени
құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік)
және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін
құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық
пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім
беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау,
креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы
кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП
және кәсіптік
пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ
және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.)
қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;
110. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді
қамтиды:
64
1) білім беру бағдарламасының атауы;
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);
3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының
бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:
ана тілі саласында;
шет тілдері саласында;
іргелі
математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;
компьютерлік;
оқу; әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);
кәсіпкерлік, экономикалық;
мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті,
(шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);
4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық
кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін,
оқыту кезеңін, модуль компоненттерін
(құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын
(ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін,
кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете
отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін
көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес.
111. Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті
білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер,
бөлімдер) құрылады.
Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың
дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды ақпараттық
функциялардан босатады.
112. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) оқу пәндерінің мақсаты
мен міндеттерінің тізбесі;
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі
(пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың
қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары,
студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының
жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);
4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін
бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен
рәсімі);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
113. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер
қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер,
тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған
жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.
114. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП
кезеңдерінің
пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден,
қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және
міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
115. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді
емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында
өткізіледі.
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі
компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау
нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.
65
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу
пәні бойынша да жеке қойылады.
116. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық
түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға
алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң
бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.
Достарыңызбен бөлісу: