2. Магистратура және докторантуранның мемлекеттік аттестациялау комиссиясы 14.
Мамандық
бойынша
мемлекеттік
аттестациялау
комиссиясы
(МАК)
магистарнттардан – кешенді емтихан және магистратуралық диссертация қорғауын қабылдау
үшін, докторантурада – кешенді емтихан қабылдау үшін құрылады.
15. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына бітіруші мамандардың бағытымен сай
келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар үміткер төрағалар мен мүшелер
факультет атынан бітіруші кафедралардың қолдаухатымен ағымдағы жылдың 15 қазанына
дейін ұсынылады.
16. МАК төрағалары ретінде штат қызметкері емес беделді ғалымдар мен жоғары
білікті мамандар тағайындалады. Ұсынылған МАК төрағасын ҚР білім және ғылым
Министрлігі бекітеді. Бір тұлға Мемлекеттік аттестация төрағасы ретінде қатарынан екі
жылдан артық сайлана алмайды.
17. Мамандық
бойынша білімгерлердің санына қарай МАК (мемлекеттік
аттестацияның комиссиясы) хатшысымен 4-8 адамнан құралған, мемлекеттік аттестация
комиссиясы 31 желтоқсанға дейін қабылданып, жыл бойына күші сақталатын ретордың
бұйрығымен бекітіледі. Аралас мамандықтар бойынша бірыңғай аттестациялау комиссиясын
құруға рұқсат беріледі.
18. Мемлекеттік қорытынды аттестациялау басталғанға дейін МАК-қа магистранттар
мен докторанттардың МҚА-ға кіру рұқсаты туралы бұйрықтың көшірмесі, бекітілген МАК
мүшелер тізімінің көшірмесі, емтихан қабылдау және диссертацияны қорғауға
(магистранттар үшін) арналған номерленген, тігілген және қыстырылған МАК-тың жеке
хаттама кітапшалары, бағдарлама мен емтихан қабылдау үшін бекітілген емтихан билеттері
ұсынылады.
19. Магистранттардың
мемлекеттік
қорытынды
аттестациялауы
аяқталғанда
мамандық бойынша МАК төрағалары МҚА-дың нәтижесі бойынша есеп жасайды және екі
апта көлемінде университет ректорна ұсынады.
20. Докторантура мамандығы бойынша МАК төрағалары университет ректорына
емтихан аяқталғаннан кейінгі ай көлеміндегі мерзімде кешенді емтиханның есеп
қорытындысын ұсынады.
21. МАК төрағаларының МҚА-ның нәтижесі бойынша жасалынған есебінің
уақытысында ұсынылу жауапкершілігі хатшыға жүктеледі. МАК төрағаларының есебі
бітіруші кафедра мәжілісінде, факультеттің ғылыми кеңесінде және университет көлемінде
талданады.
22. Магистратура мамандығы бойынша МАК төрағаларының МҚА нәтижесі
көрсетілген есебі мен ректордың қолы қойылған АТӘ мен берілген диплом номері
көрсетілген магистратура түлектерінің тізімі және докторантура мамндығы бойынша
жасалынған есеп ҚР БЖМ-не жіберіледі.