Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет94/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   208
§18 
 
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1.
 
Негізгі қағидалары 
 
1.
Ережелер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі қысқартылған білім 
беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың бірынғай талаптарын 
анықтайды.
2.
Қысқартылған мерзімде жоғары кәсіби білім берудің негізгі мақсаты – орта кәсіби 
және білім негізінде ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сүйене отырып жоғары 
кәсіби білімнің бағдарламаларын меңгеру.
3.
Факультеттің күндізгі оқыту түріндегі мамандықтар бойынша негізгі білім 
бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы болған жағдайда ғана, осы 
мамандықтар бойынша қысқартылған мерзімдегі оқыту түрі бойынша мамандар даярлай 
алады.
4.
Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби алу күндізгі және 
сырттай оқу формаларында жүзеге асырылады.
5.
Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби білімді тектес 
мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімге, сонымен жоғары білімге ие тұлғалар 
ала алады.
6.
Оқу ұзақтығы техникалық және кәсіби білім негізінде 3 жыл, ал жоғары білім 
негізінде 2 жыл құрайды.
2.
 
Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру реті 
7.
Қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ қабылдау комиссиясы Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне 
сәйкес азаматтарды қабылдайды. 
8.
Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша азаматтар бірінші курсқа 
теңестірілетін бірінші жылы жеке академиялық топтарға қабылданып, курстардың саны оқу 
мерзімімен анықталады.
9.
Қысқартылған мерзімдегі оқу үрдісі оқу мерзімі (2, 3 жыл) мен формаларына 
(күндізгі, сырттай) қарай оқу жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады. 
10.
Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары кәсіби білім мамандардың 
тек кәсіби дайындығын жүзеге асырады, сондықтан оқу жоспары кәсіби пәндерден тұрады.
Оқу мерзімі 3 жыл болатын қысқартылған кәсіби білім беру бағдарламасына 
«Қазақстан тарихы» мен қосымша оқу түрі ретінде әскери дайындық кіреді.
11.
Оқу мерзімдері 3 және 2 жыл болатын қысқартылған білім беру 
бағдарламаларының оқу жұмыс жоспарлары бойынша теориялық оқуға сәйкесінше кемінде 
111 және 96 кредит беріледі.
12.
Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша білім алушы семестрде 
көрсетілгеннен артық кредит санын игеріп, семестрлердің аз санында кредиттердің қажет 
санын жинап алады. Бір академиялық мерзімде қысқартылған бағдарлама бойынша білім 
алушы оқу формасына қарамастан 22-24 кредит игеру керек.
13.
Бағдар беру аптасы, теориялық оқыту, аралық бақылау, емтихан сессиялары, жазғы 
семестр, әскери жинақ, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын 
қорғау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша бірынғай кесте (академиялық кесте) 
жасалады. 
14.
Жылына екі рет болатын демалыстың жалпы ұзақтығы кемінде 7 апта болу керек.


180
15.
Оқытудың қосымша түрлерін қосқанда, білім алушылардың аудиториялық 
сабақтарының көлемі аптасына 36 сағаттан, ал максималды еңбек сыйымдылығы (БӨЖ 
қосқанда оқу жүктемесінің жалпы көлемі) – аптасына 57 сағаттан аспау керек.
16.
Апталық оқу жүктемесіне дәріс, семинар (практикалық), зертханалық сабақтарға, 
курстық және дипломдық жұмысты орындауға берілетін сағаттар кіреді (аралық бақылау 
сабақ кезнде жүргізіледі). 
17.
СӨЖ сағаттарына пәндер бойынша арнайы тапсырмаларды орындау, әртүрлі 
бақылауға дайындық, сондай-ақ практика, курстық және дипломдық жұмыс орындау 
кезіндегі қосымша жұмыс кіреді. 
18.
Жалпы еңбек сыйымдылықтың 57 сағатына студенттердің міндетті сабақтары, 
оның ішінде рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар, дөңгелек үстелдер және т.б. 
міндетті түрде кіреді. Бұл сағаттардан тыс уақытта тек студенттерге міндеттелмеген шаралар 
(конференциялар, олимпиадалар және тағы сол сияқтылар) жоспарлануы мүмкін.
19.
Қысқартылған оқу түрі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 4 жылғы күндізгі оқу 
түрін ұйымдастыруға толығымен сәйкес келеді. 
20.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қысқартылған білім 
бағдарламалары бойынша сырттай оқу формасы аудиториялық сабақтар мен қашықтықтан 
оқуыту технологияларды үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл кезде аудиториялық сабақтардың саны азаяды. Сырттай бөлімдегі еңбек 
сыйымдылықтың жетпеген көлемі білім алушының өзіндік жұмысы есебінен 
толықтырылады.Әр пән бойынша жоспарланып отырған аудиториялық сабақтардың сағат 
көлемі күдізгі оқу түріндегі аудиториялық сабақтардың 25-30%-ын құрау керек. Жалпы 
еңбек сыйымдылығы – пән бойынша аудиториялық сағаттар мен БӨЖ сағаттарының 
қосындысы – күндізгі бөлімдегі осы пәннің сағат санына тең болу керек.
Сырттай бөлімдегі аудиториялық сабақтар оқу жылына 2 рет жоспарланатын оқу-
емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Бір оқу-емтихан сессияның мерзімі 6-8 аптадан тұрады.
21.
Сырттай оқу түрінің оқу жоспарының құрылымы, пәндер тізімі, кредит саны және 
олардың блок бойынша бөлінуі осы мамандықтың күндізгі оқу түріндегі оқу жоспарына 
сәйкес келу керек.
22.
Сырттай білім алушылардың аралық аттестациясы оқу жоспары мен оқу 
бағдарламаларына сәйкес, күндізгі оқу түріндегідей емтихан түрінде өтеді.
23.
Мамандықтың базалық пәндері бойынша курстық жұмыстар орындалуы мүмкін, 
бірақ олардың саны толық оқу мерзімі бойынша 2-ден аспау керек. 
24.
Сырттау оқу түріндегі қорытынды аттестация құрылымы мен мазмұны бойынша 
күндізгі бөлімдегіге толығымен сәйкес болу керек. 
25.
Алғашқы сессияға бағыт сілтеп, тест және БӨЖ тапсырмалары берілетін 
дәрістероқуға түсу емтихандарынан кейін жүргізіледі.
26.
Сырттай бөлім пәндерінің оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) күндізгі 
бөлімдегі 
оқу 
жұмыс 
бағдарламаларына 
(силлабустарға) 
сәйкес 
келу 
керек. 
Айырмашылықтар тек оқу материалдың аудиториялық сабақтар мен БӨЖ арасындағы 
бөлінуіне байланысты болу керек.
27.
Аудиториялық сабақтар (бағыт сілтейтін және шолу дәрістер, семинарлар) 
жалпылама және мәселелік сипатқа ие болу керек, яғни осы пәннің толық меңгерілуін 
қамтамасыз ететін негізгі заңдары мен заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін және т.б. анықтау 
керек.
28.
Аудиториялық сабақтар материалының іріктелуі жұмыс бағдарламаның міндетті 
бөлігі болып табылатын БӨЖ бағдарламасын жасауға байланысты. БӨЖ бағдарламасында өз 
бетінше дайындалуға арналған материал, әр түрлі тапсырмалар, әдебиеттер мен бақылау 
түрлері көрсетілуі тиіс.
29.
Мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшін сырттай бөлім 
оқытушылары БӨЖ бойынша тақырыптары мен тест тапсырмалары келтірілген әдістемелік 
құралдар, нұсқаулықтар, дәріс конспектілерін жасап, қашықтықтан оқыту түрлерін 


181
қолданып, өздерінің дәрістері мен басқа да сабақтарына аудио- және видео кассеталар 
дайындау керек.
30.
Аралық бақылау бойынша 50%-дан кем алған білім алушы пән емтиханын 
тапсыруға жіберілмейді.
31.
Оқу жоспарының талаптарын орындап, осы курстың қажет кредит санын жинаған 
білім алушы ректордың бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.
32.
Ағымдағы семестрде 6-дан аспайтын кредит санын меңгере алмаған білім алушы, 
оны келесі семестрде қайта игеруіне болады. 


182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет