«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша


  DA 5301 – ДІНТАНУ ӘДІСНАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

 


16 
DA 5301 – ДІНТАНУ ӘДІСНАМАСЫ 
(бейіндік бағыт) 
Көлемі 3 кредит 
Борбасова Қ.М.
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану 
кафедрасының профессоры 
Рысбекова Ш.С.
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану 
кафедрасының профессоры 
Пікір жазғандар: 
Исмағамбетова З.Н.
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
Раев Д.С. 
– философия ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы 
ҚазХҚӘТУ профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Дінтану әдіснамасы» пәні дінді зерттеу аясында қандай тәсілдер мен 
әдістемелік ұстанымдар қолданылатынын түсіндіре алатын жоғары білімді 
мамандар дайындауға бағыттайды. Дінтану танымның түрлі әдістерін 
пайдаланады. Кез-келген ғылымдағыдай, бұл пәнде де философиялық, 
арнайы жалпығылыми және жекеғылыми, теориялық және эмпирикалық 
әдістер: жүйелік әдіс, диалектика, талдау, синтез, жалпылау, абстракциялау, 
экстраполяция, үлгілеу, аналогия, индукция, дедукция, гипотеза, бақылау, 
эксперимент және т.б. тәсілдер қолданылады. «Дінтану әдіснамасы» пәні 
болашақ дінтану магистрларының ғылыми зерттеудегі мәселелерді шешуде 
құзіреттіліктерін 
қалыптастыруға 
көмектеседі. 
Аталған 
пән 
магистранттардың 
дінтану 
аясында 
олардың 
дінтану 
әдіснамасы 
саласындағы негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып заманауи 
ғылыми білімді игеруін қамтамасыз етуге арналған. Оқу мерзімі – 1,5 жыл.
«Дінтану әдіснамасы» пәнін оқып қорытылындылау кезінде, 
магистрант: 
Білуге тиісті: 

дін әдісін және олардың ғылыммен өзара байланысын; 

дінді зерттеудегі әдіснамалық теорияларды; 

негізгі әдіснамалық принциптер мен дінтанудағы ғылыми 
мәселелерді шешу жолын, дін психологиясы мен дін социологиясының 
әдіснамалық мәселелері, дінтанулық деректанудың гносеологиялық, 
эпистемиологиялық және теологиялық талдаудың негізгі әдіснамалық 
мәселелерін.


17 
Істеуге тиіс: 

дінтануға қатысты ақпарат көздерін өздігінен іздеу жұмысын 
жүргізу;

дін феноменін дүниетанымдық тұрғыда түсінуді зерттеу және
әдіснамалық тұрғыда түсіндіру; 

дінді зерттеу әдіснамасының категориясын еркін және тәжірибелі 
пайдалану. 
Игеруі тиіс: 
дінтанудың теориялық парадигмаларын, оқу материалын 
тәжірибеде қолдануға машықтану, қазіргі дінтанудың өзекті мәселелерін, 
әдістемелік мәдениет қалыптастыру арқылы ғылыми зерттеулердің үлгілерін,
жалпығылыми мәдениетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет