Жалпы құзырет: құралдық: дін тарихы, дін психологиясы, дін социологиясы және дін
антропологиясы шеңберінде жасалған дінтанулық зерттеулердің түрлі
әдістерін қолдану; ойлау мәдениетін игеру, жазбаша және ауызша сөйлеуде
ой қызметінің нәтижелерін дұрыс және сенімді рәсімдеу;
тұлғааралық: қоғамда қалыптасқан әдептілік және құқықтық
нормалардың негізінде әлеуметтік қарым-қатынасқа дайын болу, адамдарды
сыйлау, басқа мәдениетке толерантты болу; серіктестік сенімді қарым-
қатынасты қолдауда жауапкершілікті алып жүруге дайын болу;
жүйелік: дінді зерттеуде заманауи тәсілдерге бағытталу; теориялық
дінтанулық білім мен дінтанулық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдану;
пәндік: заманауи дінтанулық ғылымда әдістемелік пәнаралық
тәсілдемелерді талдау, дінтанулық ғылымның басқа пәндермен арақатынасы
арқылы дінтанулық білім алу, инновациялық қызметке қабілетті болу;
болашағы бар ғылыми-зерттеулік және қолданбалы мәселелерді қоя және
шеше білу; өзінің ғылыми және қолданбалы қызметіне сыни көзқараспен
қарау.
Алдыңғы және кейінгі оқылатын пәндер: діндер тарихы, діни дін
антропология, дін философиясы, дін социологиясы.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ Бөлім атаулары
Әлеуметтік-гуманитарлық таным Ғылыми таным әдіснамасы
Дінді түсіндірудегі ғылыми көзқарас құрылымының ерекшеліктері
Дінді оқып білудегі негізгі көзқарасты талдау
Дінтануды танып білу әдіснамасы
Дінтануды зерттеудің негізгі категориялары
Діннің символдық жүйе ретіндегі мәні
Діни дүниетаным және ғылыми түсінік
Дінтанудың негізгі идеялары Дін социологиясы: әдіснамалық көзқарастың құрылуы
18
Дін психологиясы: әдіснамалық көзқарастың құрылуы
Дін феноменологиясы: әдіснамалық көзқарастың құрылуы
Діндер тарихы: әдіснамалық көзқарастың құрылуы
Дін философиясы: әдіснамалық көзқарастың құрылуы