П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

1 2
ФОНЕТИКА
С оны м ен, кез келген дыбыс үш тұрғы дан 
қаралады. Әрқайсы сы ның өзіне ғана тән ұғым- 
дары мен атаулары бар.
Дыбыстың жасалымы (артикуляциясы): ды- 
бысты ж асауға қатысатын сөйлеу мүш елерінің 
аты аталып (ерін, тіл ұшъі, тіл ортасы, тіл арты, 
тілшік), орны корсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің 
өзара қиы су жолдары (тоғы сы ңқы , ж уы сы ңқы, 
діріл, жанама) сипатталады.
Д ы бы сты ң айтылымы (акустикасы): ауыз 
қуысындағы резонаторлар жүйесінің қалпы ата- 
лып (ауыз қуысты, көмей қуысты, жанама қуыс- 
ты), сойлеу мүшелерінің өзара қиысу күші (лепті 
тоғы сы ңқы , босаң тоғы сыңқы , бос тоғы сыңқы ) 
сипатталады.
Д ы бы сты ң естілімі (перц еп ц и ясы ): ауыз 
қуы сы нан сы ртқа ш ы ққан ды бы сты ң құлаққа 
жеткен нәтижесі (жуан дыбыс, ж іңіш ке дыбыс, 
аш ы қ (таза) дыбыс, қою дыбыс) сипатталады.
Осылай кеш енді талдаудың нәтижесі қазақ 
тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі жайлы ж ан- 
жақты және толық мәлімет береді. О ны ң үстіне, 
теориялық және қолданба (қолғанат) тілтаным- 
ның (лингвистиканы ң) сұраныстарын қанағат- 
тандырып, дамуына септігін т и г із е д і\|
Еңбек көпш ілік оқы рм анға арналып отыр- 
ғандықтан қазіргі фонетикадағы күрделі техни- 
калы қ талдау мен ұғы м -атауларға соқпау ж ағы 
қарастырылды.
1.1.1. Қ азақ ф онетикасы нда қалы птасқан 
ұғымдар мен атаулар жүйесіне көптеген озгеріс- 
тер мен толықтырулар енгізілдцСебебі, осы күнгі 
ұғым-атуалар “дәстүрлі” үнді-еуропа тілтанымы- 
на байланып қалған да, кобінесе қазақ тілі таби- 
ғатын не жаңсақ, неж арты кеш түсіндіріп жата- 
ды. Оның үстіне озге тілдердежоқ қазақ тіліндегі 
өзіндік құбылыстар ұғым-атау тапш ы лы ғы нан 
көзге ілінбей келді. Сонды қтан да қазақ ф оне- 
тикасы на тән ұғым-атаулардың жаңа жүйесін 
құрастырып, оларды түсіндіруге тура келді.
1.1.2. Соны мен “Ф онетика” бөлімі бұрын- 
ғы коз үйренген үлгісінен көп өзгеше болып 
шықты. Әсіресе, көптеген дыбыстардың сипат- 
тамасы тиянақталы п, қайта жазылды. О ны ң 
үстіне дыбыстардың үндесім (сингармонизм) және 
интонация жүйесі бұрын-соңды болмаған жаңа 
тарау ретінде қосылып отыр. Тағы бір айта ке- 
тетін жай - қазақ тілінің төл дыбыстары.^ешбір 
қоспасыз өз алдына талданды. Соның нәтижесін- 
де тілімізге жасанды еніп кеткен х; 
һ
“әріп-ды - 
б ы с т а р ” ш ы ға р ы л ы п т а с та л д ы . А л, о ры с 
тілінен енген дыбыстарды қазақ дыбыстары құра- 
мында қарастырудың өзін жөнсіз деп таптық
(керек болып жатса, олар жайлы мәлімет орыс 
тілтанымында жеткілікті). Озімізді де, өзгені де 
шатастырып келген 
и, у, я, ю
әріптері жайлы 
қосымш а мәлімет бергенді жөн көрдік.
Алдымен қазақ тілінің төл дыбыстары ның 
құрамын аны қтап, жүйесін сипаттап алған соң 
барып, кірме дыбыстар жайлы сөз еткен дұрыс 
болар. Олар қазақ дыбыстары ның құрамы мен 
жүйесінен үндесім орнын тауып сіңді ме, ж оқ, 
әлде жапсырма-жамау күйінде қалды ма?
Егер кез келген кірме дыбыс үндесім заңы- 
на бағынбаса, онда ол қазақ дыбыстарының құра- 
мына енген ж оқ деген сөз.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын өз фонология- 
сы тұрғы сы нан талдағанда ғана қазіргі кездегі 
“ қазақ тілінде қанш а дауысты бар, қанш а дау- 
ыссыз бар?” деген әрі тарт, бері тарт сұрақтар- 
дан арылатын боламыз.
1.1.3. Ф онетикалы қ ұғымдар мен атаулар.
1.1.3.1. .Жасалым фонетика (артикуляцион- 
ная ф онетика) - дыбыстың жасалу жолдарын 
анықтайтын фонетика саласы:
-жасалу орны: ерін (губной), ерін-ерінді (губ- 
но-губной), тіл ұшы (альвеолярный), тіл алды 
(переднеязычный), тіл ортасы (среднеязычный), 
тіл арты (заднеязычный), тілшік (увулярный);
-жасалу тәсілі: тоғы сым (смычка), тоғы - 
сыңқы (смычный), жуысым (щелинность), жуы- 
сыңқы (щелевой), ж инақы жуысыңқы (кругло- 
щелевой), ж айы лы ңқы жуысыңқы (плоскощ е- 
левой), діріл (дрожащий), жанама (боковой);
-дауыс қатысы: тербеліссіз (дауыс желбезегі 
қатыспайды, яғни қатаң), тербеліңкі (дауыс жел- 
безегі жартылай қатысады, яғни ұяң), тербелімді 
(дауыс желбезегі мол қатысады, яғн и үнді), тер- 
белмелі (дауыс желбезегі толық қатысады, яғни 
дауысты).
1.1.3.2. Айтылым ф онетика (акустическая 
фонетика) - дыбыстың нақты болмысын анық- 
тайтын фонетика саласы:
-қуыс жүйесі: ауыз қуысы (ртовый резона- 
тор), көмей қуысы (глоточный резонатор);
-айтылым күші: нық (напряженный), босаң 
(полунапряженный), бос (ненапряженный).
1.1.3.3. Естілім ф онетика (перцептивная фо- 
нетика) - дыбыстың естілу сипатын анықтайтын 
фонетика саласы:
-түйсінім түрі: қатаң (глухой), ұяң (звон- 
кий), үнді (сонорный);
-естілім қарқыны: күшті лепті, босаң лепті, 
бос лепті.
1.1.3.4. Үндесім фонетика (сингармоничес- 
кая ф онетикаГ^Ж ы бы сты ң үндестік сипатын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет