51
Жобалап оқыту арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесінен
көргеніміздей зерттеліп, әлі де зерделейтін мәселелер өте көп.
Қорытындылай келе, болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың отандық және шетелдік
тәжірибесін талдауда келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
- Жобалап оқыту технологиясы – отандық білім беру ұйымдарында кеңінен
қолданыс тапқан, өйткені педагогтер көптеп біліктілік курстарынан өтуде;
-Жобалап оқыту технологиясын болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің отандық тәжірибеде қолдану - жаһандық ақпараттық кеңістікте
жалпы ақпаратпен жұмыс істей білу қажеттігін ғана емес, сонымен қатар қазіргі
заманғы дүниетанымды қалыптастыру, зерттеу, жобалау дағдысын игеру
құзыреттерін, сондай-ақ өзінің авторлық тәжірибесін жинақтап, тарата алатын
оқытушылар құрамының дайындығы мен қызметіне де ерекше талап қояды.
Келесі параграфта мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту мәселесін зерттеудегі
әдіснамалық тұғырлар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: