58
ізденіс, зерттеу сипатына ие болады.
Жоғарыдағы ақпараттарды зерделей келе, біз келесідей қорытынды
жасаймыз: тәрбиенің мәні, іс-әрекетке деген көзқарас тұрғысынан, бұл тек іс-
әрекетке ғана емес, білім алушылардың ересектермен бірлескен іс-әрекетіне,
бірге жасалған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Педагог
дайын үлгілерді ұсынбайды, оларды білім алушылармен бірге жасайды,
дамытады, зерттеушілік іс-әрекет үдерісінде өмір сүру нормалары мен
заңдылықтарын бірлесіп іздейді және іс-әрекетке көзқарас аясында жүзеге
асырылатын оқу үдерісіндегі мазмұнды құрайды. Іс-әрекетке деген көзқарас
білім алушының психикасы оның қызметімен және іс-әрекетімен тығыз
байланысты деген қағидатқа негізделген.
А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің келесі құрылымын ұсынды: «іс-әрекет операция
және мотивациялық» саланың құрылымы: «мотив-мақсат-шарттар». Олардың
арақатынасы: «мотив-әрекет; мақсат - әрекет; шарттар-операциялар» [29,с. 8].
С.Л.Рубинштейн «Әрекет әрекеттесуді тудырған қажеттілік ретінде жауап
беретін білім алушылардың сыртқы әлеммен (оның ішінде басқа адамдармен)
белсенді мақсатты өзара әрекеттесуінің бір түрі», – деп тұжырымдаған [203].
Достарыңызбен бөлісу: