Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет18/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
 
Сурет 3 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясында оқу үдерісіне енгізудің стратегиясы 
Шетелдік ғалымдардың ғылыми жарияланымдарына жүргізілген талдау 
нәтижесінде жобалап оқыту технологиясын қолданудың ең кең таралған түрі 
стратегия екенін байқадық. Бұл болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін 
оқытуда осы технологияны өз бетінше қолдана алатын педагог үшін қолдануға 
болатын ең оңай стратегия екені анық. Жобалап оқыту технологиясын 
қолданудағы педагогтердің тәжірибесі бүкіл білім беру бағдарламасы 
деңгейінде немесе институционалдық деңгейде үлкен өзгерістерге ықпал етуі 
мүмкін [192]. Сонымен қатар, зерттеушілер бұл стратегияның кемшіліктеріне 
бүкіл білім беру бағдарламасын біртұтас қайта қараудың болмауы жатады 
студенттер жобаларды басқару және бірлесіп жұмыс істеу үшін қажетті 
құралдарды ала алмайды. Бірінші стратегиядан айырмашылығы, интеграция 
және қайта құру стратегиялары жүйелік деңгейде үйлестіру деңгейі жоғары 
жүйелік тәсілді қажет етеді. Интеграция стратегиясы көбінесе пәнаралық 
тәсілді қолдануды көздейтін жобалары сияқты қолданыстағы курстардың оқу 
жоспарларына қажетті зерттеушілік іс-әрекеттер мен жобаларды біріктіруге 
бағытталған. Білім беру бағдарламасын жүйелік деңгейде өзгерту үшін пән 
бойынша білімнің үйлесімінен қандай курстар пайдалы екенін анықтау қажет. 
Жобалап оқыту технологиясының негізі педагогикалық жоба компоненттері 
екені анық. Сонымен, В.И.Гинецинский педагогикалық жобалаудың жеті негізгі 
кезеңдерін төмендегідей анықтады [158,с. 142]: 
- жобалау қызметінің нәтижелерін анықтау және бағалау; 
- нәтижелердің практикалық қызмет факторларымен байланысы туралы 
гипотезаны ұсыну; 
- педагогикалық жүйенің бірінші нұсқасын құру; 
- нысаналы мақсаттағы арнайы педагогикалық жүйені құру; 
- жүйе параметрлерін өлшеу әдістемесін құру; 
- екі жүйенің жұмысын өлшеу нәтижелерін салыстыру; 
- нақты педагогикалық жүйенің оңтайландырылған нұсқасын құру. 
1) Толықтыру стрaтегиясы, қолдaныстaғы курстaр шеңберінде 
курстың неғұрлым белсенді оқытуғa бaғытын өзгерту; 
2) Қолдaныстaғы курстaрғa интегрaциялaу стрaтегиясы, қaжетті 
дaғдылaр мен зерттеушілік іс-әрекеттерін біріктіру (мысaлы, 
жобaлaрды бaсқaру және ынтымaқтaстық, зерттеулер жүргізу); 
3) Қaйтa құру стрaтегиясы, университеттің қоғaмдaғы рөлін 
қaйтa қaрaу және бүкіл оқу бaғдaрлaмaсын икемділік бaғытындa 
қaйтa қaрaу. 


45 
Ғалымдар С.Б.Бабаев пен Ж.К.Оңалбектің «Жалпы педагогика» еңбегінде 
«Жоба кез келген зерттеуге қажетті болжам жасаудан тұрады», 

деген идея 
келтірілген [193,193].
Жобалауды игеруге білуге құмарлық, дарындылық, энтузиазм, ұқыптылық, 
ынта-ықылас, жауапкершілік, тәртіптілік, жинақылық, сыни көзқарас және өзіне 
сын көзбен қарау, әділдік, бейтараптық, туралық, командада жұмыс істей білу, 
әріптестермен тіл табыса білу тән болуы керек. Жобалау жұмысы қазіргі 
оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағыттылығымен ерекшеленеді. Жобалау 
жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау 
жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді 
жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу білім алушылардың 
жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
 
Педагогикалық іс-әрекет барысында жобалауды болжау, жүзеге асыру, 
ұсыну деңгейінде ақпаратты өңдеумен байланысты танымдық біліктер: 
жобаларды құру кезінде ғылыми әдебиеттерді қолдану; оқу пәндерінің 
интеграцияланған сұрақтары бойынша жеке және топтық жұмыстың 
мақсаттарын 
белгілеу; 
ақпаратта 
бастыны, 
материалдың 
логикалық 
құрылымын, әр материалды жүйелеу, қойылған мақсатқа сай түрлі мәтіндерді 
ауызша, жазбаша құру; салыстыру, тұжырымдар жасау, фактілерге қатысты 
өзінің көзқарасын білдіру; өзінің баяндамасына, т.б. жұмыс түрлеріне тезис 
түзу; жобалап оқыту технологияларын әр түрлі жолмен жүзеге асыруға болады. 
Жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамытудың 
көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады. 
Кесте 5 -
 
Жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті 
дамытудың көрсеткіштері
Критерий 
Ғылыми зерттеу 
Іс-әрекеттегі зерттеу 



Мақсаты 
Ғылыми зерттеу барысында бір 
ұғым қалыптасады.
Ғылыми зерттеу барысында 
қалыптасқан білім көпшілік 
қауымға арналған. 
Нақты бір туындаған проблеманы 
шешуге бағытталған. Іс-әрекеттегі 
зерттеу тәжірибені жетілдіреді. 
Проблеманы 
іріктеу, 
анықтау 
Көптеген әдіс-тәсілдер 
қолданады, бұған дейін 
жүргізілген зерттеу жұмыстары 
мен нәтижелеріне шолу 
жасалады. 
Оқу мен оқыту үдерісіндегі 
проблемалар анықталады. Оқыту 
әдістеріне өзгеріс енгізіледі. 
Болжам 
Жоғары деңгейде арнайы болжам 
тұжырымдалады. 
Нақты тұжырымдалған проблема 
болжам ретінде қолданылады. 
Әдебиетке 
шолу 
Әдебиетті барынша мұқият, терең 
зерделеу талап етіледі. 
Терең зерттеу талап етілмейді, шолу 
жасалады, өз проблемасына ұқсас 
зерттелген жұмыстар қаралады. 
Мерзімі 
Ұзақ уақытты қажет етеді. 
Қысқа уақыт аралығында жүргізіледі, 
спираль тәрізді қайталанып отырады. 


46 
5 – кестенің жалғасы



Тәсіл 
Дедукциялық – теориядан 
болжамға, болжамнан деректерге, 
деректерден дәлелге 
Дерек жинау, қадағалау, зерделеу, 
түсініктеме беру, ұсыным жасау. 
Деректерді 
талдау, 
сұрыптау 
Статистикалық мағынада кешенді 
талдау жүргізіледі. 
Қарапайым талдау жүргізіледі, 
сұрыпталады, бастапқы дерек пен соңғы 
деректер топтастырылады, 
салыстырылады. 
Нәтиже 
Қорытындыны кеңінен қолдануға 
болады, теориялық маңызы бар. 
Тәжірибе алмасады, оқыту 
тәжірибелерін жетілдіреді, өз 
тәжірибелерін жариялайды 
Жобалап оқыту Батыс Еуропа елдерінде жоғары білім беру жүйесінде, 
ағылшын-американдық жүйеде жобалық ұйымдастырылған технологиялар 
басты мақсатқа жетуге көмектесуге арналған тұлғаны дамыту деп есптейді. 
Салыстыру үшін, АҚШ – тың жоғары білім беру жүйесінде жобаларға 
уақыттың 45-48%, Германияда – 25%, ал Ресейде-Оқу уақытының 5% бөлінеді.
Айта кету керек, Ұлыбритания мен АҚШ-та студент университетке түсіп, 
мектептің білім деңгейінде қалыптасқан жобалау дағдыларына ие бола алады.
Қазіргі таңда әлемдік білім беруде педагогикалық жобалап оқыту 
технологиясы зерттеушілік іс-әрекет мәселелерін әзірлеуде негізгі бағыт ретінде 
бөліп көрсетуге болады. Жобалап оқыту технологиясының бағыты 
педагогикалық зерттеушілік іс-әрекеттегі үдерісі, оның субъектілерінің өзара 
зерттеушілік іс-әрекеттегі іс-қимыл түрлері, тиімділік шарттары, үдерісті 
жүзеге асыруға бағытталған шешімдер қабылдау стратегиясын зерттеу. Бұл 
саладағы зерттеулер жобалап оқыту технологиялардағы жаңалықтарға, болашақ 
педагогтер мен педагогтардың өзара зерттеушілік іс-әрекеттегі іс-қимыл 
формаларына, 
педагогикалық 
жобалаудағы 
зерттеушілік 
іс-әрекетке 
бағытталған. Зерттеушілік іс-әрекет мәселелерін шешуге болашақ педагог 
кәсіби қызығушылығын жандандыруды; теориялық және практикалық білім 
жүйесімен қаруландыруды қажет етеді. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу 
орындарындағы зерттеушілік іс-әрекетті жобалап оқыту технологиясы арқылы 
Оксфорд университетінде авторлардың тағылымдамасы келесі қадамдардан 
тұратын жаңа парадигмалы өнімдерді жасау жобасындағы жұмыс істеу 
алгоритмін анықтауға мүмкіндік берді.
Оксфорд университетіндегі өнімді шығаруға арналған алгоритмі төмендегі 
суретте көрсетілген. 


47 
 
Сурет 4 - Оксфорд университетінде жаңа парадигмалы өнімдерді жасау 
жобасындағы жұмыс істеу алгоритмі 
Педагогикалық мамандар даярлайтын Ұлыбританияның жоғары оқу 
орындарында жобаға бағытталған технологиялардың қолданылуын талдай 
отырып, келесі педагогикалық технологияларды бөліп көрсетуге болады оларды 
сипаттайтын жағдайлар: оқытудың бірінші курсынан бастап бітіруші курсына 
дейінгі оқу; бағдарламалары мазмұнының барлығы жобалануында; 

ағымдағы жобалардың біртіндеп күрделенуі және іске асыру
мерзімдерінің ұлғаюы: егер бірінші курста студенттер екі-үш аптаның ішінде 
жеке пәндер бойынша бір немесе екі шағын жобаны аяқтаса, үшінші курста 
жоба 6-7 аптаға созылады және пәнаралық сипаттағы кең спектрге ие болады. 
Ұлыбританиялық 
жоғары 
оқу 
орынындағы 
жобалап 
оқыту 
технологиясының негізінде студенттердің білімдері мен зерттеушілік іс-
әрекетке деген мақсаттылығы, өз-өзіне деген сенмділігі артады. 
Ұлыбритания университеттерінде оқытудың және жобаны іске асыру 
барысында тағылымдамадан өтудің негізгі шарттары мыналар болып табылады: 
шешімдерді кезең-кезеңімен түсіну; оларды ғылыми жұмыста пайдалануды 
ынталандыру үшін шығармашылық тапсырмалар; дербестікті, белсенділікті 
және жеке жауапкершілікті қалыптастыру және дамыту; студенттер мен 
оқытушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату және оқытушылардың 
кеңесші және супервайзер ретіндегі қызметін күшейту; білім беру жобаларын 
іске асыру кезінде кәсіби қызметте туындайтын міндеттерді шешіп қана 
қоймай, олардың практикалық маңыздылығын және әзірленген жобаларды іске 
асыру мүмкіндігін де шеше алады; жобаны іске асыру кезінде рөлдерді бөлу 
арқылы студенттер жеке мүдделеріне бағдарланады. 
АҚШ университеттерінде жыл сайын дәрістердің сандары азайып, жобаны 
орындауға көбірек уақыттар бөлінеді. Студенттерді нақты ғылыми жобаларға 
тарту кеңінен қолданылады. Стандартты білім беру практикалық емес деп 
саналады, зерттеушілік сипаттағы оқытуда жобалық оқыту кеңінен 


48 
қолданылады.
 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың кешенді дамыту 
жұмысы төмендегідей мәселелерді қамтиды.
 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы кешенді дамыту жұмысының кестесі 
(кесте 6). 
Кесте 6 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы кешенді дамыту жұмысы 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы 
кешенді дамыту жұмысы 
Білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін
бағалау көрсеткіштері 
Білім алушылардың жас және 
психологиялық ерекшеліктері 
Тыңдай алуы 
Берілетін тапсырмалардың көлемі мен 
деңгейі 
Проблеманы көре білуі 
Іс-әрекет құрылымы мен сапасы 
Сұрақтар қою 
Қойылған сұрақтарға жауап бере алуы 
Ақпараттарды әртүрлі жолдармен ала білу 
мүмкіндігі 
Материалдарды өңдеу қабілеті 
Шешім қабылдау және қорытынды жасай білуі 
Л.Д.Морозов зерттеушілік іс-әрекетті жобалау технологиясы арқылы 
дамыту жолдарын теориялық және тәжірбиелік деп, білім алушыларды екі 
топқа бөліп қарастырды [194]. Теориялық жобалау әдісі туралы тапсырмалар 
бірінші топ білім алушыларына беріледі: проблемаларды сәйкестендіру, 
қайшылықтарды анықтау, жағдаяттарды талдау, педагогикалық проблемаларды 
шешу, тұжырымдамаларын әзірлеу, зерттеушілік іс-әрекетінің мақсатын 
анықтау, болжам жасау, нәтижесін сипаттау. 
Критерийлерді 
таңдау, 
модельдеу 
жобасы 
(шешім 
қабылдау), 
құрастырушылық жоба (бөлімдерге бөлу), (ресурстар мүмкіндіктері), 
ғылымның әртүрлі салаларынан алынған білімді синтездеу, техникалық 
дайындық (материалдарды сызба, кесте арқылы жүйелеу), әдістер мен 
құралдардың үйлесімділігін анықтау, іс-шараларды жоспарлау, жоба бойынша 
құжаттар дайындау және онымен жұмыс істеу.
Тәжірбиелік дағдыларды қалыптастыруға арналған екінші топ білім 
алушыларына тапсырмалары беріледі: жобалау іс-әрекетін кезеңдерге бөлу, 
өзін-өзі және топты ұйымдастыру, топтық шығармашылық жұмыстарды 
ұйымдастыру және қолдау, шешім қабылдау және презентация дайындау, 
бақылау және реттеу (жеке және бірлескен жобалау іс-әрекеті), шарттарға 
сәйкес жобаны түзету, өнім шығару, таныстыру, кері байланыс жасау. 
Аталған тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылардың зерттеушілік 


49 
іс-әрекеті, зерттеу дағдылар, диагностикалау, мониторинг жүргізу әрекеттері
қалыптасады. Ғылыми әдістемелік әрекеттері арқылы білім алушылардың 
жобалаушылық ұйымдастырушылық қабілеттері қалыптасып педагогикалық 
шарттары іске асырылады: білім алушылардың өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуы 
мен жаңа ұстанымдары қалыптасады; жаңа білімді игеру, әдіснамалық 
тәсілдерді меңгеруі, ұжымдық белсенділігі, кәсіби іс-әрекеті қалыптасады. 
Жобалау іс-әрекеті барысында білім алушылардың эмоционалдық көңіл-күйі 
күшейеді, жобалау дағдылары қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру және 
тәрбиелеу мамандығының білім алушылары жобалау жұмыстарының сапасын, 
өлшемдерін анықтайтын көрсеткіштерді мотивациялық, когнитивтік, іс-
әрекеттік, рефлексивтік деп төртке бөліп қарастырды. Біз білім алушылардың
жобалау іс-әрекет деңгейлерін бөліп қарастырдық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет