61
аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті
құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қатынаста және байланыста болатын,
элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым. Жүйелердің
типтері көпқырлы: материалды және рухани, органикалық емес және тірі,
механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, ашық және
тұйық т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі
элементтерден тұрады. Құрылым а) тұтастығы мен өзіне ұқсастығын
қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; ә)
күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатынасындағы тұрақты тәсілі
(заңы). Жүйелі тәсілдің ерекшелігі, зерттеудегі объектінің тұтастығын ашуға
және оның тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының
көптеген типтерін анықтауға, оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға
бағыттайды.
Зерттелуші объектіні жүйе
ретінде, оның элементін, олардың арасындағы
байланысты және оны жіктеп, құрылымын ұйымдастыруды, тұтастай білім беру
ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің
ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын
жүйелер (қайта құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара
немесе әрекет жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері
арқылы құрылады және олардан бөлек болмайды, солар арқылы жүзеге асады.
Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбиелеу үдерісінің негізгі
сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады. Теориялық
білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де қажет.
Демек, ол нысанның даму болашағын болжамдау үшін де керек. Теориясыз
түсінік жоқ, сондықтан да түсінік – теорияның стратегиялық миссиясы
зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың
көптеген элементін анықтайды. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-
әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта
құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе
әрекеттік-жасаушы және т.б.) [34,с. 287]. Мектепке дейінгі ұйымның
педагогикалық жүйесі - педагогикалық үдерістегі пәндері (педагогтар, балалар,
ата-аналар), білім мазмұны (эмоционалды-еріктік тәжірибесі, дағдысы,
шығармашылық тәжірибесі), педагогикалық үдерістің әдістері мен формалары,
базасы (құралдар).
Достарыңызбен бөлісу: