Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет27/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

Аксиологиялық тұғыр 
– зерттеушілердің пікірі бойынша педагогикалық 
аксиология білім беру құндылықтары туралы ғылым, білім беру саласындағы 
өзара әрекеттесуді реттейтін және тұлға құрылымында, олардың табиғатында, 
функцияларында, өзара байланыстарында тиісті компонентті қалыптастыратын 
мағыналар, нормалар, идеалдар жүйесі, білімдер жиынтығы. Аксиологияның 
негізгі идеясы «құндылық» ұғымы. Құндылықтар деп қоршаған әлем 
объектілерінің адам өмірі, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге 
асырылатын, өмір бойы тұлғаның іс-әрекетінде көрініс беретін үдеріс беретін 
екені зерттеулерде негізделген [214].


62 
А.К.Маркова өзінің зерттеулерінде адамның жеке дамуынан бөлінбейтін 
кәсіби қызметті қарастырады. Тұлғаның дамуы кәсіби қызметтің өзгеруін, оның 
сапалы жаңа деңгейге өтуін ынталандырады, бұл өз кезегінде жеке тұлғаның 
одан әрі өсуіне әкеледі [214]. 
В.А.Сластенин «Құндылықтар адамның санасы мен мінез-құлқының 
бағдарлануының үлгілері болып табылатындығынан және доминантты, 
нормативті, ынталандырушы, ілеспе құндылықтарды бөліп көрсететіндігінен 
туындайды», – деп тұжырымдайды [198,с. 10]. 
Педагогикалық 
іс-әрекеттің 
жалпы 
құндылықты 
аяқталғанын, 
педагогикалық фактіні, құбылысты зерттеудің мүмкін болатын нәтижелерін 
болжау мүмкіндігіне ие болу үшін «ғылым адамы» ретінде «көру 
артықшылығына» ие болуды көздейді. Бұл қабілеттілік тек танымдық, 
зияткерлік қана емес, сонымен қатар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі 
«ғылым адамы» ретінде өзін-өзі анықтаудың ерекше жағдаятына қоятын 
эмоционалдық-адамгершілік қатынасын да білдіреді. Кәсіби білім беру болашақ 
маманның құндылықты санасын дамытуға бағытталған. 

Құндылықты сана тұлғалық бағдардағы құндылықтарға бекітіледі; 
– Зерттеушілік әрекетті құндылық ретінде қабылдауы; 
– Педагогикалық үдерістің педагогикалық компоненттерінде универсалды 
элементтерді байқауға болады: мақсат; міндет; мазмұн; әдістер; құралдар;
формалары.
А.К.Мынбаеваның айтуынша педагогикалық үдерістердің бүтіндей 
қалыптасуына осы универсалды элементтердің болуы қажет. Осы ойды 
логикаға салатын болсақ, педагогикалық үдерістің қалыптасуы әдістемелік 
жұмыстың жүйелі болуын меңзейді. Бұл жағдай инновациялардың оқу-
әдістемелік жұмысында жүйелік тұғыр арқылы басқарылуын болжайды [37,с. 
9].
Болашақ мектепке ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап 
оқыту технологиясы арқылы дамытуда кәсіби қызмет саласында туындайтын 
практикалық міндеттерді шешуге бағытталған оқу үдерісті ұйымдастырудың 
ерекше нысаны. Жобалық оқытуды орындай отырып, білім алушылар 
инновациялық шығармашылық қызмет алгоритмін меңгереді, өзін-өзі дамытуға 
үйренеді мақсаттары мен ақпаратты табу және талдау, әртүрлі салалар 
бойынша білім алу, олқылықтардың орнын толтыру, шығармашылық 
міндеттерді шешуде тәжірибе жинау, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
П.Я.Гальперин [155,с. 64] ғылыми еңбектерінде ойлаудағы негізгі іс-
әрекеттер сатылап қалыптастыру теориясын ұсынған, ал Н.Н. Поддьяков [107,с. 
8] пен Л.А.Венгердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі кезеңдерде баланың 
интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері іс-әрекет нәтижесінде пайда 
болатыны анықталған [27,с. 4].

Бүгінгі күні инновациялық тұғырлар мен ақпараттық технологияларды 
қолдану арқылы білім алушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, 
қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізігі мақсат болып 


63 
айқындалады. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізігі артықшылықтары 
мынадай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет