Іс-әрекеттік тұғыр
– оқу құбылыстарының толықтығын іс-әрекеттің
барлық компоненттері ретінде түсіну, атап айтқанда мақсаттар, мотивациялар,
әрекеттер, операциялар, жөндеу әдістері қол жеткізілген нәтижелерді бақылауға
және талдауға мүмкіндік береді. Іс-әрекеттік тұғыр мақсатты, объектіні,
субъектіні, құралдарды, әдістерді, кезеңдерді, жобалап оқытудың белсенділік
құрамдас бөліктерін қарастыруға, іс-әрекет тұрғысынан зерттеуге, әрекеттерді,
кезеңдерді, функцияларды операциялық деңгейде орындауға жағдай жасайды.
Сондай-ақ, іс-әрекеттік тұғыр туралы
О.И.Генисаретский [158,с. 4],
П.Я.Гальперин [155,с. 67], И.А.Зимняя [204], И.А.Лернер [205] және
т.б.ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады. Іс-әректтік тұғыр тұлғаның
еркін дамып жетілуі үшін жасалатын түрлі тәсілдерді зерттеген еңбектерде
кеңінен қарастырылған.
М.М.Бахтин бойынша бұл «тұлғаның еркін түрде ашылуы», мұнда студент
өз ойын жеткізу барысында түрлі тәсілдерді іздестіреді, өзінің жаңа
құндылықтарын дәлелдейді және меңгереді [206]. Диалог – білім беруді
ізгілендірудің, студент тұлғасына бағытталған маңызды компоненті. Студент өз
ойын айтқысы келгенде ғана диалог басталады – «мен айтқым келеді», «менің
ойымша», «менің көзқарасым».
К.Роджерстің айтуы бойынша, педагог диалогы «төрт кит» төңірегінде:
педагогтың ішкі рухани-адамгершілігі негізінде, балаға деген сенімде, оның
адами сезіміне мән беруінде, оны өзіндік ізденуге итермелеу, өзін-өзі дамытуға
және белсенді өсуі негізінде қалыптасады [207].
Іс-әрекеттік тұғыр тұрғысынан зерттеушілік іс-әрекет бұл білім алушының
өзін-өзі жүзеге асыруға қажетті білімдер мен біліктердің жиынтығы деген
көзқарасты ұстанады.
М.А.Чошановтың пікірі бойынша, біріншіден, құзыретті маманды жалған
59
шешімдерді дәлелді теріске шығару, тиімді шешімдерді күмәнге салу, яғни
сыни ойлай алу қабілеті ерекшелейді. Екіншіден, зерттеушілік іс-әрекет белгілі
бір уақытта және берілген жағдайда кәсіби міндеттерді ұтымды шешу үшін
жаңа ақпараттарға ие болуды, білімдерді тұрақты жаңартуды жорамалдайтынын
атап өтеміз. Үшіншіден, зерттеушілік іс-әрекетке үдерістік (білік), сол сияқты
мазмұндық (білім) компоненттер кіреді. Оның үстіне мәселені шешудің нақты
жағдайына сәйкес адам берілген жағдайларға қолайлы қандай да бір әдісті
қолдана алады [208]. Әдістердің реттілігі – бұл зерттеушілік іс-әрекеттің сыни
ойлау мен білімнің мобильділігімен қатар үшінші маңызды сапасы.
Зерттеушілік іс-әрекет игерілген зерттеушілік білімдер мен біліктерді шынайы
практикада қолданудың тиімділігімен анықталады.
Ғалым Н.П.Сибирская іс-әрекеттік тұғыр жобалап оқыту технологиясын
жүзеге асыруда жоспарлауға, болжауға, шешім қабылдауға, ғылыми зерттеуге
икемділікке негізделген педагог шығармашылығының бір аспектісі ретінде
қарастырған [123,с. 58].
А.В.Хуторский [209] және Г.К.Селевко [210], жобалап оқыту
технологиясын қоршаған ортадағы (табиғи немесе жасанды) өзгерістерді
жүзеге асыру бойынша мақсатты қызмет ретінде белгілейді. Ал, ғалымдар
Н.Г.Алексеев [140,с. 216], Е.С.Заир-Бектің еңбектерінде [86,с. 33], жобалау іс-
әрекетінің тұғырлары ойлау әрекетінің белгілі бір инвариантын қамтиды,
мақсаттарды анықтаудан құралдарды іздеуге, нәтижені құруға, өзін-өзі
анықтауға, жағдайды талдауға, проблеманы тұжырымдауға, (мақсат қою) –
бағдарлау мен жоспарлауға негізделген.
Іс-әрекеттік тұғыр – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға
міндетті мемлекеттік стандартына негізделген мектепке дейінгі білім берудегі
инновациялық жағдайларды қарастырады. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мектепке
дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту
технологиясы арқылы дамытуда келесідей мәнге ие: тұлғалық сапалаларды
анықтау, толеранттылыққа, басқа ұлт өкілдерін құрметтеуге негізделген
ақпараттық ортаны құруға, қазіргі заманғы экономиканы толықтай
қанағаттандыратын жеке қасиеттерді дамыту және тәрбиелеу. Іс-әрекеттік тұғыр
білім беру ортасында әлеуметтік жобалауға жету, даралықты қамтамасыз ету,
тұлғаның белсенді жетілуін қарастырады; оқу нәтижелеріне бағдарлану
(тәрбиеленушінің тұлғаны қоршаған әлемді тану үдерісінде оқу іс-әрекетін
меңгеру негізінде қалыптасады); іс-шараларды ұйымдастырудың әдістеріне,
сондай-ақ, тәрбиеленушілердің әлеуметтік, жеке, когнитивтік жетілдіру
мүмкіндіктерін шешуші рөл атқарады.
Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамалық тұғырлары болашақ
педагогтің балаға деген көзқарасын, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы өз
рөлін анықтауға негізделеді.
Әдіснамалық тұғырлар педагог үшін педагогикалық болмыста зерттеудің
және қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басынан аяғына дейін басты
бағдар ретінде әрекет етіп, әдіснамалық міндеттерді атқарады, жан-жақты
60
қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктер ашады.
Әдіснама – педагог-зерттеушінің педагогикалық практика нысандарын
жетілдіру немесе өзгерту мақсатымен байланысты жаңа педагогикалық жобаны
әзірлеу барысындағы ғылыми немесе жобалау қызметіне жалпы бағыт береді.
Сондықтан, қандай да бір әдіс педагогикалық зерттеудің немесе педагогикалық
жобалау үдерісінің бүкіл кезеңінде қолданылып, өзіне басқа әдістерді тәуелді
етсе, онда ол оның әдіснамасы болады. Әдіснама қызметін ғылыми ізденіс пен
жобалауда зерттеушінің өзі анықтайтын сипаттаумен, түсіндірумен,
құрылымдаумен және болжамдаумен байланысты ғылыми-жобалау қызметі
ретінде идея да орындай алады. Идеялар педагогика ғылымын және
практикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Педагогтің ғылыми-зерттеу
және жобалау-қайта құру қызметі оның жаңа педагогикалық идеяларымен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |